Тамыз айының 20-25 күндері Қырғызстан елінің Чолпан-Ата қаласында гір көтеру спортынан кіші жасөспірім, жасөспірім және жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Аталған байрақты бәсекеде Шардара ауданының спортшылары 11 алтын, 11 күміс, 5 қола жүлдені иеленді. Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді атап айтар болсақ: Серпе көтеруден Кіші жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы 1. Жансанбай Нұрқанат Жастар арасында Әлем чемпиондары 1. Байдуллаев Бағжан 2. Қуаныш Ерасыл 3. Серикбай Нұрбала Жұлқа көтеруден Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы 1. Данышхан Айдар Жастар арасында Әлем чемпиондары 1. Шинтанов Бақдаулет 2. Тұрғанбай Нұрбатыр Ұзын циклда көтеруден Жастар арасында Әлем чемпиондары 1. Қуаныш Ерасыл 2. Шинтанов Бақдаулет 3. Ауесбек Медет 4.…
Автор: author
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев «Shymkent Hub» өңірлік технопаркінің ашылуына қатысты. Жаңа орталықтың негізгі мақсаты-технологиялық кәсіпкерлікті өркендету, стартап-мәдениетті қалыптастыру, IT-саланы және цифрлық білім беруді дамыту. Ашылу аясында IT-стартаптардың, IT-компаниялардың, робототехника мектебінің және Tech Orda бағдарламасына қатысушы жеке IT-мектептердің, сондай – ақ Шымкент қаласының инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. «Shymkent Hub «Astana Hub» білім беру және инкубациялық бағдарламаларын іске асыруға арналған платформа болады. Оның аумағында белсенді IT-қоғамдастықтың қалыптасуына ықпал ететін түрлі іс-шаралар өтеді. Стартап-жобаларды әзірлеу барысында қатысушылар кәсіпкерлік негіздерін, инвестицияларды тартуда қолдауды, қаржылық есеп жүргізуді және басқа да қажетті дағдыларды үйренеді. Естеріңізге…
65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда өзбекстандық қарсыласын ұтты.
Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде Хаир Алексис Куэроны таза жықты. Колумбия спортшысын отандасымыз алып ұрды. Келесі кезеңде Демеу Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовпен күш сынасады.
Жеңіл атлетика: Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруде жартылай финалға шыға алмады. Отандасымыз жұбаныш кезеңінде өз тобында мәреге алтыншы болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 23.70 секунд. Стенд ату: Скит бағдарламасында аралас жұптық сында бақ сынаған Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко іріктеуде 140 ұпай жинап, 12-сатыдан көрінді. Грек-рим күресі: Аса ауыр салмақтағы палуан Әлімхан Сыздықов ширек финалда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Сабах Шариатиға (Әзірбайжан) жол берді. Есеп: 0-4. Айдос Сұлтанғали (60 кг) алғашқы белдесуінде 2 дүркін әлем чемпионы Жоламан Шаршенбековтен (Қырғызстан) жеңіліп қалды. Тартысты өткен айқастың есебі: 3-6. Олимпиаданың оныншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола…
Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды. Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші — 9:16.46 секунд. Бұл Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі. Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді. Айта кетейік, Джеруто осы қашықтықта 2022 жылы Юджинде өткен әлем чемпионатында Қазақстанға жеңіл атлетикадан алғашқы алтынды алып келген.
Боксшымыз Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында Кристиан Хавьер Пиналесті (Доминикан) жеңді. Төрешілер есебі: 3-2. Нұрбек осыған дейін Париж шаршы алаңындарында Мурад Аллахвердиевтен (ширек финал, Әзірбайжан), Каллум Питерстен (1/8 кезең, Аустралия) басым түскен. Финалдағы қарсыласы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Олександр Хижняк (Украина) немесе 2 дүркін Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Панамерика ойындарының 2 дүркін жеңімпазы Арлен Лопес Кардона (Куба) болады. Айта кетейік, Нұрбек Оралбай — былтыр Ташкентте әлем чемпионы атанған, Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Ұлттық құраманың ең жас спортшысы Мұхамедсабыр Базарбайұлы 1/8 финалда Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Чу Ен Лайдан 3:2 есебімен басым түсті. Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз бірінші айналымда Испания өкілі Ойер Ибареччені жеңген болатын. Ширек финалдық жекпе-жек 1 тамыз күні өтеді.
Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеудің финалында Александра Ле 6-орынға тұрақтады. Отандасымыз шиеленіске толы 165.4 ұпай жинады. Пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеуде Қазақстан құрамасы 11-сатыдан көрінді. Олар іріктеуде 575 ұпай жинап, 11-нәтиже көрсетті. Семсерлесуші Әйгерім Сарыбай Олимпиаданың 1/16 кезеңде жарыс қожайыны франциялық Манон Брюнеден (Токио Олимпиадасының күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионы) жеңіліп қалды. Есеп – 12-15. Садақ атудан командалық сында Қазақстан құрамасы 1/8 айналымда Италияға 4-5 есебімен жол берді. Кездесуде біздің мергендер 0-2 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестірді (2-2). Алайда шешуші сәтте қарсыластар дәлдік танытты. Академиялық ескек есуде Владислав Яковлев Париж Олимпиадасында E/F1 тобының жартылай финалында мәреге…
