Шымкент қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер жан-жақты қаралды. Жиынға партияның қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, фракция жетекшісі Талғат Балтабаев, Цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов, «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасының сарапшысы Ақбота Тұрарова сондай-ақ фракция мүшелері мен аудандық партия филиалдарының атқарушы хатшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде партияның «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы Жол картасының орындалу барысы, партиялық жобалардың тиімділігі, сондай-ақ тұрғындардан түскен өтініштердің орындалу деңгейі секілді өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Цифрландыру басқармасы тарапынан Жол картасының орындалу барысы туралы есеп беріліп, цифрландыру саласында қолға алынған жұмыстар…
Автор: author
Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. Кездесу «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында өтті. Шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы волонтерлік қызметтің маңызын арттыру, жастарды қайырымдылық пен әлеуметтік белсенділікке тарту, сондай-ақ еріктілер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау. Кездесу барысында қатысушыларға волонтерлік қызметтің негізгі бағыттары, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Сонымен қатар, жастарға арналған мүмкіндіктер мен жаңа бастамалар кеңінен талқыланды. Іс-шараға Шымкент қалалық Жастар саясаты басқармасының басшысы Азамат Бұхарбайұлы Парманов, «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының атқарушы директоры Қайрат Бақытұлы, «ASAA» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Данара Юрьевна…
Шымкент қаласы Полиция департаментінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында «Жас сақшы» сыныптарының жұмысы мен жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңейтілген жиын өтті. Іс-шараға әр ауданнан «Жас мамандар» мен тәлімгерлер, сондай-ақ мектеп директорлары мен педагогтар қатысты. Кездесу барысында оқушыларды құқық қорғау саласына бейімдеу, олардың тәртіпке, жауапкершілікке және құқықтық мәдениетке деген көзқарасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жан-жақты қаралды. Бүгінде қалада «Жас сақшы» жобасы аясында 8 сынып жұмыс істеп, 200-ге жуық оқушы қамтылған. Олар полиция департаменті ұйымдастыратын түрлі іс-шараларға белсенді қатысып, құқықтық білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдауда. Сонымен қатар, оқушылар үшін танымдық экскурсиялар ұйымдастырылып, олар ішкі істер органдарының қызметімен, тарихымен және Жедел басқару…
Сегодня в Шымкенте под председательством заместителя Премьер-министра – Министра культуры и информации РК Аиды Балаевой прошло совещание по вопросам создания Университета культуры и искусства. Проект будет реализован по поручению Президента Касым-Жомарта Токаева, данного Министерству культуры и информации РК и акимату Шымкента в ходе рабочей поездки в мегаполис. В работе приняли участие аким Шымкента Габит Сыздыкбеков, представители МКИ РК, местных исполнительных органов, подрядных организаций, а также Южно-Казахстанского исследовательского университета имени М. Ауэзова. На совещании Аида Балаева заслушала доклады участников о ходе реализации масштабного проекта. Так, новый вуз будет создан на базе факультета культуры и искусства ЮКИУ им. М. Ауэзова. Планируется,…
Бүгін Шымкентте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Мәдениет және өнер университетін құру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Аталған жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мегаполиске жұмыс сапары барысында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігіне берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылмақ. Кеңес жұмысына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың, мердігер ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің басшылығы қатысты. Жиын барысында Аида Балаева қатысушылардың ауқымды жобаны іске асыру барысы жөніндегі баяндамаларын тыңдады. Жаңа жоғары оқу орны М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Мәдениет және…
Бұхара қаласының әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды. Салтанатты қарсы алу рәсімінде Қазақстан Президентінің құрметіне ұлттық ән мен би орындалды. Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, шаһардағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысанын аралайды. Сапар банысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды. Қазақстан Президентінің Өзбекстанға жұмыс сапары Бұхарадағы Бахауддин Нақышбанди кесенесіне зиярат етуден басталды. Мемлекеттер басшылары медресе, екі мешіт пен мұнарадан тұратын мемориалдық кешенді аралап көрді. Зиярат барысында Құран оқылып, бауырлас халықтарға бейбіт өмір мен бақ-береке тілеп, дұға жасалды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев мемориалдық кешенге келушілермен жылы рәуіште әңгімелесіп, суретке түсті. Нақышбандия…
Шымкент қаласында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жастардың қатары тағы бір топпен толықты. Бұл жолы 27 азамат Мемлекеттік күзет қызметі қатарына қабылданып, салтанатты түрде әскерге шығарып салынды. Бұл – ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты әрі мәртебелі қызмет. Олардың әрқайсысы Отан алдындағы борышын өтеуге бел буып, үлкен сенім жүгін арқалап жолға шықты. Жас сарбаздардың қатарында студент Әнуарбек Аязхан да бар. Ол бұл шешімді кездейсоқ қабылдамаған. Аязханның айтуынша, оның бұл жолды таңдауына әскери қызмет атқарған атасы ықпал еткен. Отбасындағы әскери дәстүр мен елге деген құрмет жас жігіттің бойында ерте қалыптасқан. – Мен атамды үлгі тұтамын. Атама қарап өстім. Оның әскери өмірі,…
Шымкент қаласы полиция департаменті бастығы Мұхтар Қожаевтың бастамасымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара аясында полиция генерал-майоры №130 мектепке барып, оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді. Кездесуге 500-ге жуық оқушы қатысты. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, бүгінгі таңда жастар арасында өзекті болып отырған мәселелер талқыланды. Әңгіме барысында жеке қауіпсіздік, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік және заңды құрметтеу – қауіпсіз болашақтың негізгі кепілі екені атап өтілді. Кездесу барысында Мұхтар Қожаев жастар үшін қауіпті бірқатар құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, психологиялық қысым көрсету нысаны болып табылатын сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік…
В Шымкенте по инициативе начальника департамента полиции Мухтара Кожаева проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз мектеп», направленное на обеспечение безопасности детей и формирование правовой культуры среди подростков. В рамках ОПМ генерал-майор полиции сегодня посетил школу №130, где провёл профилактическую встречу со школьниками. В мероприятии приняли участие порядка 500 учащихся. Диалог с подростками был выстроен в открытом формате и затронул наиболее актуальные вызовы, с которыми сегодня сталкивается молодёжь. В центре внимания — вопросы личной безопасности, ответственности за свои действия и уважения к закону как ключевого условия безопасного будущего. В ходе встречи Мухтар Кожаев акцентировал внимание на ряде серьёзных правонарушений, представляющих угрозу для…
1991 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғандағы кезеңдегі демографиялық деректерді талдау халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулық жағдайында түбегейлі өзгерістер болғанын көрсетеді. Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы ( КӨҰ) 75,97 жасқа жетіп, тәуелсіз мемлекеттің тарихындағы абсолютті рекордты құрады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, 1991 жылы, КӨҰ орташа көрсеткіші 67,6 жасты (2001 жыл – 65,6, 2011 жыл – 68,98, 2021 жыл – 70,23) құрады. Осылайша, үш жарым онжылдық ішінде ел азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа артты. Өмір сүру ұзақтығына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – инфекциялық емес аурулармен (ИЕА) күрес бойынша іске асырылып жатқан шаралар. 2025 жылы Қазақстан…
