Автор: author

2024 жылдың 21-22 маусым күні Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өткен ат үстіндегі күрестен (аударыспақ) әлем чемпионаты аяқталды. Бұл чемпионатқа әлемнің 6 елінен 8 құрама команда қатысты. Атап айтар болсақ, Моңғолия, Татарстан, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Башқұртстан, Түрікменстан мен Қазақстаннан барлығы 45-ке жуық спортшы бақ сынады. Қазақстанның намысын Азамат Серғазин, Шыңғысхан Ержанов, Дарын Өткелбай, Алтай Сүйеубаев, Төлеби Қайыржанов, Арман Сағынбаев қорғады. 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Азамат Серғазин, 80 келіде Дарын Өткелбай, 90 келі салмақ дәрежесі бойынша Алтай Сүйеубаев, 100-ден жоғары салмақта Арман Сағынбаев қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тақты. Ал 70 келіде бақ сынаған Шыңғысхан Ержанов қола жүлде иеленсе, 100…

Read More

Акция «Таза Қазақстан», стартовавшая с утра, продолжилась на канале «Шымкент» в Енбекшинском районе. Территория канала «Шымкент» является самым густонаселенным среди каналов города. В данной акции наряду с населением приняли участие и трудовые отряды «Жасыл ел». Благодаря сплоченности местных жителей и их образцовое отношение к чистоте, в этом районе часто организовывают такую уборку. Сегодня жители приступили к уборке своих дворов. Трава во дворе была скошена и расчищена вдоль канала. Председатель районного совета ветеранов З.Жайшибеков выразил благодарность всем горожанам, принявшим участие в уборочных работах, и отметил, что сохранение чистоты во дворах зависит от нас самих. Каждый из нас должен начинать культуру чистоты…

Read More

Шымкенттік тұрғындардың жазғы шілдеде ең көп жиналатын орны «Қошқар ата» өзенінің бастауы. Ыстықтан қашып салқындану үшін мұнда күнделікті мыңдаған қала тұрғындары осы жерге таңнан жиналады. Салқын судан пана іздеген тұрғындар арасында тазалық мәдениетін сақтамайтын тұрғындар да арагідік кездесіп отырады. Бүгін Шымкенттік тұрғындар мен 100-ден аса жасыл елдік жастар аталған аумақта арнайы тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, тұрғындарға тазалық мәдениетін сақтауды, қаланың ортақ екенін насихаттады. Акция барысында өзен бойындағы бей-берекет күл-қоқыстар тазаланып, шөптер орылды. Ағаштары бұталып, демалыс аймағындағы орындықтар мен шомылу орындары ретке келтірілді. Сондай-ақ өзен бойындағы суға шомылу ережесі ілінген тақтайшалар жаңартылып, жарықшамдар жаңартылды. Іс-шараға қатысушы жастар «Қала — ортақ үйіміз, тазалықты…

Read More

Елімізде арнайы білім беру ұйымдарының желісі жыл сайын көбейіп келеді. Мектептердің 86%-дан астамы инклюзивті білім алуға жағдай жасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Балаларды оқу-тәрбие процесінде сүйемелдеу үшін педагог-ассистент штаты енгізілді. Қазір олардың саны 2,5 мыңнан асты. «Оқу-ағарту министрлігі «Дара» қорымен бірлесіп 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларға арналған «Ерте қолдау» жобасын іске асыруда. Бүгінде елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 200 мыңнан астам бала бар. 500-ге жуық білім беру ұйымы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға түзету-білім беру қызметтерін көрсетіп келеді. Сондай-ақ 1051 мектепте инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері жұмыс жасайды», — дейді инклюзивті және арнайы білім беру…

Read More

Халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау – мемлекетіміздің денсаулық сақтау саласындағы басты бағыттардың бірі. Осы тұрғыда жасөспірім қыздар мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мәселесі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның үнемі назарында. Мемлекет тарапынан халықтың денсаулығын сақтау саласына қажетті қаржыландыру, материалдық жабдықтау бойынша үнемі қолдау көрсетілуде. Бұл жайлы бүгін ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орыбасары Ләззат Сүлеймен ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты. Елімізде ана мен баланың құқығын қорғау, әлеуметтік және денсаулық жағдайын жасау туралы түрлі қорлар, кеңестер мен қоғамдық ұйымдар жұмыс істеуде. Халықаралық ұйымдар тарапынан да үнемі практикалық қолдау көрсетіледі.…

Read More

Елімізде су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Primeminister.kz. Зардап шеккендерді баспанамен қамту 67 мыңнан астам адам өз үйіне оралды. Эвакуациялық пункттердегі 3 664 тұрғынға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Су тасқынынан зардап шеккендердің жалғыз баспанасы саналатын 12 086 тұрғын үй мен 7 380 саяжай құрылысы су астында қалды. Зардап шеккен өңірлерде 18 228 тұрғын үй тексеріліп, 15 651 объект бойынша бағалау аяқталды. Бағалау қорытындысы бойынша 9 306 үй жөндеуге жатқызылды, 8 190 үй қалпына келтірілмейтіні анықталды, олар бойынша қайталама нарықта 5 714 үй мен пәтер сатып алу, сондай-ақ үлгілік жоба бойынша 2…

Read More

Апта аясында ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, денсаулық сақтау орталықтарында ашық есік күндері, жасөспірімдерге арналған тегін медициналық тексерулер мен кеңестер ұйымдастырылады. Шымкент қаласы бойынша Репрадуктивті денсаулық апталығы аясында жоспарланған шаралар: 1. Апта бойы емханалардағы “Отбасын жоспарлау” кабинеттерінде Ашық есік күні өтеді. 2. 25 маусым күні Арбатта ұрпақты болу денсаулығы апталығына арналған акция (жастар орталықтары мамандарының консультациясы, флеш моб, ақпараттық материалдарды (буклеттер, кітапшалар, постерлер) таратылады. 3. 27 маусым күні «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар» қарсы іс-қимыл күніне арналған Ашық есік күнін өткізу жоспарланған. Өткізу орны: Қалалық ЖИТС орталығы. Достық кабинеті — дерматовенерологтың жағынды алу және тексеру арқылы консультациясы, репродуктивті жастағы әйелдерді АИТВ-ға тексеру. 4. Қоғамдық…

Read More

Түркістан облысы көлемінде жыл басынан бері тіркелген жол-көлік оқиғалары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 68%-ға өскен. ЖКО-да қаза болғандардың саны 16%-ға төмендеген. Жол апаттары Арыс, Бәйдібек, Мақтаарал, Жетісай, Отырар аудандарында өсіп отыр. Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында 2024 жылдың 5 айында орын алған жол-көлік оқиғаларының жай-күйі баяндалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңеске құқық қорғау органдарының басшылары, барлық аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Дархан Сатыбалды қылмысты төмендету бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе нақты шаралар қабылдауды, осы бағытта жұмысты жалғастырып, қоғамдық қауіпсіздікті қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Кеңесте құқық бұзушылықтардың алдын алу және…

Read More

Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша еліміздегі көш бастап келеді. Өткен жылы аймақта 56 мыңға жуық нәресте туған. Ал, 2024 жылдың алғашқы 5 айында 20 мың 859 сәби дүние есігін ашқан. Бұл жайында Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды брифингте мәлімдеді. «Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының жарқын болуының негізі. Бүгінгі таңда облысымызда 500 мыңға жуық бала тууға қабілетті жастағы әйелдер бар. Оның ішінде 28 мыңнан астам әйел жүкті болып тіркелген. Сонымен қатар, 182 жасөспірімнің жүктілігі тіркеліп отыр. Осындай ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында өңірімізде 24-30 маусым аралығында «Репродуктивті денсаулығын қорғау» апталығы өтпек»- деді Бауыржан Нұрланұлы. Апталықтың басты…

Read More

Жыл басынан бері Түркістан облысында қоғамдық орындарды ластаған 10 мыңнан астам адам жауапқа тартылған. Жалпы пайдалану орындарын, лаябақтарды ластап, белгіленбеген орындарға қоқыс қалдырғандарға айыппұл салынады. Қоғамдық орындар мен көшелерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында жан-жақты талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңеске құқық қорғау органдарының басшылары, барлық аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін күн сайын 400-ден астам полицияның кешенді күштері жұмылдырылады. Бейнекамераларының көмегімен жыл басынан бері 100 қылмыс ашылып, 10 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мысалы, бейнекамера арқылы кәмелетке толмағандар жасаған…

Read More