Түркістан маңындағы Қарашық өзенінде маусым айынан бері қазба және барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін аталған тарихи орынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, тарихшылармен, туризм өкілдерімен пікір алмасты. Мақсат – аталған көне пешті қорғап, зерттеп, туристік және тарихи орынға айналдыру. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология және антропология институтының бас ғылыми қызметкері т.ғ.д. профессор Мадияр Елеуов Сауран ауданындағы көне Қарашық-2 қаласының өмір сүрген уақытын анықтау мақсатында көлемі 3×1 метр, тереңдігі 5 метр қазба жүргізіліп, қаланың жасын анықтайтын заттай деректерге қол жеткізілгенін айтты. Қарашық өзенінен өтетін көпірдің жанынан қыш күйдіретін пештің орны анықталып отыр. – Бұл – құнды әрі қызықты археологиялық…
Автор: author
Шымкентте футболдан 19 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы «Zhuldyz Summer Cup» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Жарыс Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен және УЕФА бағдарламасы аясында өтті. Жолдастық турнирде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанның 19 жасқа дейінгі құрамалары және жергілікті “БИІК-Шымкент” командасы шеберлік байқасты. Төрт күнге созылған бәсекеде достық жеңді. Турнирдің басты мақсаты тәжірибе алмасу болғандықтан, бұл жарыста жеңімпаз команда анықталған жоқ. Барлық ойындар “Биік” базасының “Намыс” стадионында өтті.
Венада өткен форум аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен OPEC Халықаралық даму қоры арасында Серіктестік туралы негіздемелік меморандумға қол қойылды. Толығырақ ortcom.kz сайтында
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының мәліметінше, Алматы қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен оқушылардың XII жазғы гимназиадасының ашылу салтанаты өтті. Гимназиада қатысушыларына сәттілік тілеген Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев балалар-жасөспірімдер спортын дамытудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауымен біздің оқушыларымыз жыл сайын халықаралық додаларда жеңіс тұғырынан көрінуде. Мәселен, бір ғана 2023-2024 оқу жылында қазақстандықтар түрлі халықаралық олимпиадалар мен ғылыми байқауларда 600-ден астам медальді қанжылаған. «Жас спортшылар үшін бұл сайыс өз шеберліктерін шыңдап, тәжірибелер жинақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа достар табуға үлкен мүмкіндік береді. Гимназиада бізге еліміздің талантты спортшылары мен болашақ чемпиондардың есімдерін таныстыратынына шүбәсіз сенемін.…
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының мәліметінше, Алматы қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен оқушылардың XII жазғы гимназиадасының ашылу салтанаты өтті. Гимназиада қатысушыларына сәттілік тілеген Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев балалар-жасөспірімдер спортын дамытудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауымен біздің оқушыларымыз жыл сайын халықаралық додаларда жеңіс тұғырынан көрінуде. Мәселен, бір ғана 2023-2024 оқу жылында қазақстандықтар түрлі халықаралық олимпиадалар мен ғылыми байқауларда 600-ден астам медальді қанжылаған. «Жас спортшылар үшін бұл сайыс өз шеберліктерін шыңдап, тәжірибелер жинақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа достар табуға үлкен мүмкіндік береді. Гимназиада бізге еліміздің талантты спортшылары мен болашақ чемпиондардың есімдерін таныстыратынына шүбәсіз сенемін.…
2024 жылғы Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Оның ашылуына 28 күн қалды. Бүгінгі таңда қазақстандық спортшылар 83 лицензия жеңіп алды. Олимпиадаға дейін 5 шілдеде жеңіл атлетикадан лицензиаттар анықталады. Бұл туралы ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір оқ ату мен семсерлесуден лицензия алудан оң динамика байқалып отыр. Ал, теннис пен еркін күрестен жолдама саны азайды. Сондай-ақ тарихта алғаш рет ауыр атлетикадан қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарына қатыспайды. «Лицензия жеңіп алған барлық спортшы спорт түрлерінің ерекшеліктеріне, физиологиясына және әр спортшының қажеттіліктерін ескере отырып, жеке жоспар бойынша өз дайындығын өткізіп жатыр.…
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран-2 шағын ауданында жаңа стадионның құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты. Тарихи оқиғаға футбол ардагерлері мен қоғам белсенділері, «Ордабасы» клубының қызметкерлері, бапкерлері мен ойыншылары, БАҚ өкілдері мен жергілікті футбол жанкүйерлері де куә болды. Айта кетейік, 35 мың орындық аренаның сыйымдылығы 21 гектарды алып жатыр. Стадион құрылысын 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Жаңа спорт нысаны халықаралық матчтарды өткізуге арналған УЕФА талаптарына сәйкес бой көтереді. Архитектуралық дизайнмен салынатын сәулетті стадион мегаполистің көркін арттырады. Шымкентте 1969 жылы салынған бір ғана стадион 18 мың адамға лайықталған. Заманауи арена халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге, қаланың спорттық имиджін жақсартуға, жергілкті халықтың спортқа…
Табиғаты әсем Түлкібас ауданы экономикасының дамуының маңызды бағыттарының бірі – туризм саласы. Ауданда туризмді дамытуға ден қойылған. Қазіргі таңда Түлкібаста 36 туристік нысан жұмыс істейді. Атап айтқанда, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақ пен туристік базалар, 4 киелі аймақ және 3 қонақ үй келушілерге қызмет көрсетеді. Туризм бағыты бойынша алдағы 3 жылда 13,4 млрд. теңгеге 5 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізілмек. Оның ішінде, «Ақcу Жабағылы» оңалту сауықтыру кешенін қайта құрылымдау және «Түлкібас саясы» ЖШС-нің қолданыстағы емдік сауықтыру орталығын кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар «Ақcу Жабағылы» ОСК» ЖШС арқылы 400 орындық оңалту сауықтыру кешенінің құрылысы қолға алынады.…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ауданды дамыту, инфрақұрылмын жақсарту, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар талқыланды. Өңір басшысы билік пен халық бірлесе жұмыс атқарса ғана аймақ дамитынын айтты. Өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, ауылдарды абаттандыру, тазалық жағдайын жақсарту мәселесі маңызды екенін жеткізді. – Нәтижеге қол жеткізу үшін әкімдіктер мен халық бірлесе жұмыс істеуі керек. Мысалы, елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Өкінішке қарай, әзірге негізінен бюджеттік мекеме қызметкерлері ғана белсенді атсалысуда. Күл-қоқысты көріп өскен бала оны қалыпты жағдай деп қабылдауы мүмкін. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстап, тұтас ел болып үлгі көрсетуіміз керек. Таза елге береке келеді, тұрақты…
Түлкібас ауданында мемлекеттік қолдаумен өндіріс саласы дамуда. Жергілікті кәсіпкерлер субсидия, жеңілдетілген несие алып, бизнесін кеңейтіп жатыр. Пандемия кезінде тұралап қалған кәсіпорындар жұмыстарын жандандырды. Әкімдіктің қолдауымен түрік инвесторлары қаржы құйған «Azia Food Company» ЖШС биыл қайта іске қосылған. Ұн диірмен кешені жылына 36 мың тоннаға дейін бидай өңдеуге қауқарлы. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына іссапарында зауыт жұмысымен танысты. Биыл әкімдік қолдауымен «GRAND FLOUR INDUSTRY» ЖШС — мен серіктестік шикізатын өндіру бойынша келісімшартқа тұрған кәсіпорын қарқынды жұмыс істеуде. – Біздің басым бағытымыз – өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту. Кәсіпкерлік арқылы мемлекет дамиды. Сондықтан осы салаға қолдау көрсетіп, жұмысты жандандырған жөн, –…
