Түркістан облысында су нысандары мен шомылу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Осы ретте балалардың қауіпсіздігін сақтау бағытында құзырлы органдармен облыстың барлық аудан, қалаларында ата-аналармен жергілікті жерлерде кездесулер ұйымдастырылып, барынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері құзырлы органдармен кезекшіліктер бекітіліп, 4685 адамды тарта отырып, 2229 патрульдеу және рейд жұмыстары ұйымдастырылып, өзендер мен каналдардың бойында орналасқан 4000-ға жуық тұрғын үйлерді аралау арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Үлкендердің қарауынсыз жүрген 100-ден аса бала ата-аналарына тапсырылды. Қайғылы оқиғалардың көбісі балалардың ата-ананың қарауынсыз қалуынан болып жатқандықтан, құзырлы органдармен облысымыздың барлық аудан, қалаларына бару арқылы ата-аналармен жергілікті жерлерде кездесулер ұйымдастырылып, барынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мектеп директорларымен…
Автор: author
Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде жаңбырлатып суару машиналары мен тракторлар шығарылуда. Бүгінгі таңда 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «BNK GROUP LTD» ЖШС мекемесі жылына 950 дана жаңбырлатып суару технологиясымен жұмыс істейтін машиналарды өндіруге қауқарлы. Іргелі өндіріс орнына БАҚ өкілдері арнайы барып, жұмысымен танысты. Сонымен қатар, журналистер аталған ауылдық округте орналасқан «Ақниет Холдинг» Мүгедектор қоғамының зауытына барды. Онда тұрақты жұмыс істейтін 100 адам әскери шатыр өндірісімен айналысады. Бұдан бөлек, өндіріс орны корпустық, жұмсақ және медициналық жиһаз өндірісін қолға алған. БАҚ өкілдерінің келесі барған нысаны — Қарашық ауылдық округіндегі «Дильназ» шаруашылығы болды. Жылыжайда жыл бойы түрлі үй және көше өсімдіктері өсіріледі.…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Аудандағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, құрылыс барысын бақылады. Зертас ауылдық округі, Шомшақты елді мекенінде бой көтерген жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті, Көксәйек бастауыш мектебінде жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Биыл дәл осы елді мекенде тағы бір ФАП құрылысы басталды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен аймақтағы мектептер күрделі жөндеуден өтуде. Оған Төлеби ауданындағы мектептер де енгізілген. Бейсенбай Тәжібаев Қазақстан және Б.Биболатұлы жалпы орта мектептері, Қостөбе шағын жинақты жалпы орта мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеудің жұмыс сапасын қадағалады. Қостөбе шағын жинақты жалпы орта мектебі күрделі жөндеуден өткізілуде. Бүгінгі таңда Мердігер мекеме «Радуга-СН»…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көне Сауран қалашығына барып, жай-күйімен танысты. Ғалымдар мен зерттеушілермен бірге Сауранның тарихи маңызын дәріптеу, туристік мүмкіндігін молайту, рухани және туризм орталығына айналдыру жолдарын саралап, ақылдасты. – Дәл Түркістанның іргесінде аса құнды тарихи қаламыз тұр. Сауранды туристік бағытқа енгізіп, тұрақты түрде насихаттау керек. Салынып жатқан «Сапар орталығында» осы қала туралы толық мағлұмат беріліп, туристерге сапалы материалдар мен жәдігерлер ұсынылуы тиіс. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келетін туристерді осы жаққа да бағыттаған жөн. Жауапты басқарма басшылары жұмысты үйлестірсін. Сауранның туристік әлеуетін арттыру бойынша жоспар, іс-шара бекітіңіздер. Жол, инфрақұрылымын реттеуді де жүйелі түрде атқарған жөн, – деген Дархан Сатыбалды…
Түркістан маңындағы Қарашық өзенінде маусым айынан бері қазба және барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін аталған тарихи орынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, тарихшылармен, туризм өкілдерімен пікір алмасты. Мақсат – аталған көне пешті қорғап, зерттеп, туристік және тарихи орынға айналдыру. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология және антропология институтының бас ғылыми қызметкері т.ғ.д. профессор Мадияр Елеуов Сауран ауданындағы көне Қарашық-2 қаласының өмір сүрген уақытын анықтау мақсатында көлемі 3×1 метр, тереңдігі 5 метр қазба жүргізіліп, қаланың жасын анықтайтын заттай деректерге қол жеткізілгенін айтты. Қарашық өзенінен өтетін көпірдің жанынан қыш күйдіретін пештің орны анықталып отыр. – Бұл – құнды әрі қызықты археологиялық…
Шымкентте футболдан 19 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы «Zhuldyz Summer Cup» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Жарыс Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен және УЕФА бағдарламасы аясында өтті. Жолдастық турнирде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанның 19 жасқа дейінгі құрамалары және жергілікті “БИІК-Шымкент” командасы шеберлік байқасты. Төрт күнге созылған бәсекеде достық жеңді. Турнирдің басты мақсаты тәжірибе алмасу болғандықтан, бұл жарыста жеңімпаз команда анықталған жоқ. Барлық ойындар “Биік” базасының “Намыс” стадионында өтті.
Венада өткен форум аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен OPEC Халықаралық даму қоры арасында Серіктестік туралы негіздемелік меморандумға қол қойылды. Толығырақ ortcom.kz сайтында
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының мәліметінше, Алматы қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен оқушылардың XII жазғы гимназиадасының ашылу салтанаты өтті. Гимназиада қатысушыларына сәттілік тілеген Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев балалар-жасөспірімдер спортын дамытудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауымен біздің оқушыларымыз жыл сайын халықаралық додаларда жеңіс тұғырынан көрінуде. Мәселен, бір ғана 2023-2024 оқу жылында қазақстандықтар түрлі халықаралық олимпиадалар мен ғылыми байқауларда 600-ден астам медальді қанжылаған. «Жас спортшылар үшін бұл сайыс өз шеберліктерін шыңдап, тәжірибелер жинақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа достар табуға үлкен мүмкіндік береді. Гимназиада бізге еліміздің талантты спортшылары мен болашақ чемпиондардың есімдерін таныстыратынына шүбәсіз сенемін.…
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының мәліметінше, Алматы қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен оқушылардың XII жазғы гимназиадасының ашылу салтанаты өтті. Гимназиада қатысушыларына сәттілік тілеген Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев балалар-жасөспірімдер спортын дамытудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауымен біздің оқушыларымыз жыл сайын халықаралық додаларда жеңіс тұғырынан көрінуде. Мәселен, бір ғана 2023-2024 оқу жылында қазақстандықтар түрлі халықаралық олимпиадалар мен ғылыми байқауларда 600-ден астам медальді қанжылаған. «Жас спортшылар үшін бұл сайыс өз шеберліктерін шыңдап, тәжірибелер жинақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа достар табуға үлкен мүмкіндік береді. Гимназиада бізге еліміздің талантты спортшылары мен болашақ чемпиондардың есімдерін таныстыратынына шүбәсіз сенемін.…
2024 жылғы Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Оның ашылуына 28 күн қалды. Бүгінгі таңда қазақстандық спортшылар 83 лицензия жеңіп алды. Олимпиадаға дейін 5 шілдеде жеңіл атлетикадан лицензиаттар анықталады. Бұл туралы ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір оқ ату мен семсерлесуден лицензия алудан оң динамика байқалып отыр. Ал, теннис пен еркін күрестен жолдама саны азайды. Сондай-ақ тарихта алғаш рет ауыр атлетикадан қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарына қатыспайды. «Лицензия жеңіп алған барлық спортшы спорт түрлерінің ерекшеліктеріне, физиологиясына және әр спортшының қажеттіліктерін ескере отырып, жеке жоспар бойынша өз дайындығын өткізіп жатыр.…
