Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес өкілдерімен кездесті. Кезекті кездесу «Қырғы базарында» өтіп, онда жеке кәсіпкерлерге — қоғамның ең белсенді әрі еңбекқор санаттарының біріне — тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сарапшы Ердәулет Асанбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан жаңа тарихи даму кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңартылған Конституция елдің саяси, құқықтық және қоғамдық дамуының жаңа негіздерін айқындайды. Ауқымды өзгерістер қоғам сұранысы мен уақыт талабынан туындаған заңды үдеріс болып табылады. «Жаңа Конституция – еліміздің Негізгі заңының тарихи эволюциясының заңды жалғасы және «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін…
Автор: author
Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 11-ші отырысында елдегі саяси үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында барлық өтпелі ережелерді нақтылап жазу қажет деген пікір білдірді. Мәжіліс депутаты ең алдымен жаңа Конституцияның тәртібі мен күшіне ену мерзімдерін біржақты етіп анықтау қажет екенін атап өтті. «Жобада оның ережелері нақты қай сәттен бастап күшіне енетінін бекіту керек. Республикалық референдумның нәтижелері ресми жарияланған күннен бастап па әлде нақты белгіленген өзге күннен бастап па?», — деді ол. Оның айтуынша, сондай-ақ өтпелі кезеңдегі қазіргі мемлекеттік билік органдарының мәртебесі туралы мәселені реттеу керек. Атап айтқанда, қазіргі Парламент өз өкілеттігін қай сәтке…
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй құқығы мен балалардың мүддесін қорғау бөлігінде конституциялық кепілдіктерді күшейтуге бағытталған бастама көтерді. «Бүгін таңертең Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтарды негізсіз тұрғын үйден шығарудан және баспанасынан айырылудан қорғау кепілдіктерін күшейту қажеттігіне ерекше назар аударды. Тұрғын үйге құқық – бұл әлеуметтік кепілдік қана емес, әсіресе балалар туралы сөз болғанда, адамның қауіпсіздігінің негізгі шарты», – деді спикер. Өз сөзінде Динара Зәкиева халықаралық стандарттарға сәйкес, балалар өмір сүру, даму және өз құқықтарын қорғау үшін ең қолайлы жағдайларға құқылы екенін жеткізді. «БҰҰ Бала…
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституция деңгейінде қорғау қажеттігі туралы пікір білдірді. Осы тұрғыда ол Ата Заңда сот шешімінсіз тұрғын үй құқығынан айыруға ғана емес, сондай-ақ баспанадан сот шешімінсіз шығаруға да жол берілмейтіні туралы норманы бекітуді ұсынды. Ластаевтың айтуынша, тұрғын үй базалық құндылық ретінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіде бекітілген. Алайда оны тек мүліктік санат ретінде қарастыру – үлкен қателік. «Адам үшін ең маңыздысы не? Ол ешбір себепсіз баспанасынан қуылып кетпейтініне сенімді болғысы келеді. Конституцияда тұрғын үй құқығын қорғау кепілдіктерін бекіту еліміздің әлеуметтік әрі…
Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 11-ші отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты. «Конституция жобасының 8-бабында меншіктің екі нысаны танылады және тең қорғалады делінген. Олар – мемлекеттік және жеке меншік. Көптеген ұсыныста бұл норманың барлық меншік нысандарын қамтымайтыны айтылған. Осылайша, аталған баптың 1-тармағы «Қазақстан Республикасында барлық меншік түрі танылады, оларға кепілдік беріледі және тең қорғалады» деп жазылды», – деп түсіндірді спикер. Жобаның 14-бабының 2-тармағында адам құқықтары мен бостандықтары әр адамға тумысынан тиесілі, олар абсолютті және олардан ешкiм айыра алмайды деп көрсетілген. Көптеген азаматтар мен…
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеп, елдің өтпелі кезеңге қадам басқанын және ауқымды саяси өзгерістер жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, қоғамда Конституцияға қатысты пікір алмасу процесі кеше ғана басталған жоқ, бұл талқылаулар жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Барлық ұсыныстарды жүйелі түрде сараптау және бағалау үшін 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Жаңа Конституция жобасына енгізілген нормалар Қазақстанның саяси жүйесінің даму қисыны мен бірізділігін қамтамасыз етеді. Бұл құжат негізінен «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сүйеніп жасалған, деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент өз сөзінде реформалардың елдің…
Шымкент қаласында автомобиль көлігі саласының қызметкерлері – автобус жүргізушілерінен бастап тасымалдаушы компаниялардың директорлары мен диспетчерлеріне дейін – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған ашық қоғамдық жиынға қатысты. Кездесу барысында Ата Заңға енгізілетін өзгерістер жан-жақты қаралып, қатысушылар пікір алмасты. «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы Дархан Қаюпов реформалардың негізгі мақсаты – мемлекеттің адамға бағдарлануын күшейту екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция қоғам сұранысына сай құндылықтар мен қағидаттарды айқындап, саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған. «Жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарына басты басымдық берілген», – деді ол. Шымкент қаласындағы «Ауыл» партиясының өкілі Әл-Фараби Мынбай жаңа редакциядағы Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің…
Шымкент қаласындағы №11 Ә.Науаи атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратында қалалық ҚХА жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жергілікті тұрғындармен кездесіп, Ескі шаһар тұрғын алабындағы қоғамдық келісімді сақтау мен жалпыұлттық бірлікті бекемдеуге арналған жиын өткізді. Кездесуде қоғамда жан-жақты талқыланып жатқан жаңа Конституция жобасы жайлы айрықша айтылды. Топ мүшелері еліміздің басты құқықтық құжатының жобасы туралы тиянақты баяндап, азаматтардың пікірлерін тыңдады. Өз кезегінде белсенді азаматтар жаңа Ата заңға жобасына байланысты ұсыныстарын Конституциялық реформа жөніндегі комисияға жолдағанын жеткізіп, ел дамуы үшін қолға алынған бастамаға бейжай қарамай қоғамдық талқылауда барынша белсенді болуға үндеді. Айта кетейік, қоғам игілігін көздеген жиында Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі…
Шымкент қаласында медицина ұйымдарының басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Маңызды басқосуға басқарма басшысы Қайрат Қалибеков, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әбдезов, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының жетекші мамандары қатысты. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы медицина саласының өкілдеріне кеңінен таныстырылып, оның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі жан-жақты талқыланды. Қатысушылар құжаттың ел дамуының жаңа кезеңіне сай әзірленгенін атап өтті. Жиынға қатысушылардың пікірінше, жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысына негізделген, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық дамуға бағытталған маңызды құжат болып табылады. Әсіресе, денсаулық сақтау саласына қатысты нормалар медицина қызметкерлерінің ерекше назарын…
Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» «Қазақстан мемлекеттілігінің негізі – бірлік пен келісім» тақырыбында этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері мен ғылыми-сарапшылық топ өкілдері қатысып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Басқосуда Шымкент қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің департамент директоры Қайрат Анарбаев жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталды. Ол Ата Заңның жаңартылған нұсқасы ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталғанын атап өтті. – Жаңа Конституция жобасын нағыз халықтық Конституция деуге толық негіз бар. Преамбуладан бастап оң өзгерістер анық…
