Түркістан облысындағы үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін шешу мақсатында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында заманауи мектептер бой көтеруде. 2025 жылға дейін 49 мың бала білім алатын 63 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Жайлы мектептердің құрылысы Сауран ауданында да жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, білім ұясының құрылыс барысын бақылады. Мердігерлермен кездесіп, нақты тапсырмалар міндеттеді. Сапаны қатаң бақылап, ғимаратты мерзімінде тапсыруды ескертті. Сауран ауданы, Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан елді мекенінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен 600 орындық «Жайлы мектептің» құрылысы жүруде. Құрылыс жұмыстарын «Ныш-Ер» ЖШС 2023 жылдың тамыз айында бастады. Жаңа ғимаратты биыл білім күніне дейін…
Автор: author
Бүгін репродуктивті денсаулық апталығы аясында «Арбат» демалыс аймағында дәрігерлер жасөспірімдерге арнап “Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз” атты шара өтті. Профилактикалық шарада қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Жастар денсаулық орталығының уролог, гинеколог,психолог дәрігерлері жастарға медициналық кеңес берді. Сондай-ақ ЖИТС-тің алдын алу мен оған күрес орталық қызметкерлері жедел тест сынамасын алып, АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шараға қатысқан жастар спорттық шараға белсенді қатысып,өзара сайысты. Жарыста үздік атанған жастарға марапат беріліп,түрлі сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Репродуктивті денсаулық апталығы өтуде. Шараның мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулығының маңыздылығы…
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай Халық Республикасына ресми сапары барысында Сиань қалалық парткомитетінің хатшысы Фан Хунвэй және қала мэрі Е Нюпинмен кездесті. Кездесу барысында түрлі салалардағы екіжақты қатынастарды дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Қалалар арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында бірқатар ұсыныстар қаралды. Қазіргі уақытта әлемде энергия ресурстарының тапшылығы байқалады. Осыған байланысты қала басшысы баламалы энергия көздерін дамыту мақсатында қытайлық инвесторларды Шымкентте күн электр станцияларын салу жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға шақырды. «Біздің қаламыз ауыл шаруашылығы жақсы дамыған Түркістан, Жамбыл облыстарымен және Өзбекстанмен шектесетіндіктен, біз үшін бұл саланы дамыту өте маңызды. Біз осы саладағы жобаларды іске асыруға мүдделі Сиань кәсіпкерлерін қолдауға дайынбыз.…
2024 жылғы 7-14 шілде аралығында Астанада IBO-2024 биологиядан 35-ші Халықаралық олимпиада өтеді. Бұл оқушылар арасындағы ең беделді олимпиадалардың бірі. Биыл оған әлемнің әр түкпірінен ең мықты 305 жас биолог қатысады. Еліміздің құрама командасына олимпиадалық резерв арасында ең жоғары рейтингке ие болған төрт оқушы мен екі жетекші кірді: • Ғалымжан Бақтыбай — «Білім-Инновация» дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үш алтын, IBO-2023 олимпиадасының қола медалінің, Авиценна атындағы Халықаралық олимпиаданың күміс медалінің иегері; • Амина Тынырбай — №10 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» Қызылорда облыстық лицей-интернатының 11 сынып оқушысы. 2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер…
ҚР Қарулы күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы «Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыру жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың қызметтерді сатудан түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 30 қазандағы № 871 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі. Нормативтік құқықтық акт «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңының 1-бабы 3-тармақшасын, 2-тармағының бірінші бөлігін, 2-1-тармағын іске асыру шеңберінде дайындалды. Ереже нормаларын «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес келтіру…
Халықтың шамадан тыс несиеленуі мәселесін шешу құралдарының бірі «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы болып табылады. Құжат былтыр өз күшіне еніп, қыркүйек айынан бастап өтініш берген алғашқы азаматтар банкрот болып таныла бастады. Бұл процесс онлайн форматта жүргізіледі. Ол үшін «Жеке тұлғаларадың банкроттығы» деген ақпараттық жүйе құрылды. Жүйе бойынша әр адам өзінің арызы мен оны қарастыру процесін қадағалай алады. Бұл жайлы ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ алаңында айтты. 102 мың арызданушының 13 мыңы соттан тыс банкрот болып танылды. Оның ішінде 27 млрд теңге кешірілді. Көп арызданушының құжаттары кері қайтарылды. Оған мүлік пен автокөліктің болуы, банкпен…
Сиань қаласындағы жұмыс сапары барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бастаған делегация қатты тұрмыстық қалдықтарды жағуға бағытталған зауыттың жұмысымен танысты. Сорттау, қалдықтарды қайта өңдеу, утилизация және олардан электр энергиясын алу процестерін көрді. Қалған қалдықтардан құрылыс материалдары жасалады. Қала басшысы өнеркәсіп ұйымының басшылығымен кездесіп, Шымкентте осы бағытта жаңа технологиялық зауыт құру мүмкіндіктерін талқылады. Бүгінде қаламызға осындай жобалар қажет. Себебі, мегаполисіміздің аумағы артып, халқы көбеюде. Компания өкілдерін Шымкентке келіп, мәселені мұқият зерделеп, жобаны іске асыру мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі талқылауға шақырдым — деді Ғ.Сыздықбеков. Бұл бастама қаланың экологиялық ақуалын жақсартып, жаңа жұмыс орындарын құруға, тұрғындарды жылумен, ыстық сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.…
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар 725 мыңнан астам адамға қолдау көрсетіп жатыр. Олардың арасында жұмысқа қабілеті бар 420 мың азамат болса, мүгедектігі бар балалар саны 109 мыңнан асып отыр. Ерекше қажеттіліктері бар үшін оларды оқшаулау, кемсітушілік, инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, еңбек нарығындағы тең емес мүмкіндіктер, әлеуметтік қызметтер сапасының төмендігі және басқа да мәселелер әлі де өзекті болып тұр. Оларды шешу үшін ведомство жүйелі түрде дәйекті шешімдер қабылдауда. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ОКҚ алаңында осылай деді. Елімізде 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдар құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар…
Түркістан облысында отбасын қолдауға, нығайтуға және қорғауға бағытталған «Отбасын қолдау секторлары» қызметі іске қосылған. Секторлар облыстың 10 аудан, қаласында ашылды. Бұл саладағы мәселелер облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауына алынған. Аталған орталықтар Отырар, Жетісай, Сайрам, Сарыағаш, Сауран, Қазығұрт, Шардара, Келес аудандары мен Түркістан, Арыс қалаларында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанынан ашылған. Онда аз қамтылған, көпбалалы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған аналарға психологиялық қолдау, құқықтық көмек көрсетіледі. Оған қоса «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу» секторлары арқылы азаматтарға психологиялық сүйемелдеу, кеңес беру, бағдарлау қызметтері көрсетіліп келеді. Жыл басынан бері аталған бағытта 348 арнайы іс-шара ұйымдастырылып, жалпы саны 2 658 адам қызметтермен қамтылған. Оның ішінде 565…
Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Оңтүстік Кореяның «Вусонг» білім беру қорының құрметті төрағасы Ким Сун Кюнмен кездесті. Қос тарап әріптестікті нығайту жолдарын талқылап, Түркістан қаласында Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалын ашу бойынша келісімге қол қойды. – Қасиетті Түркістанға қош келдіңіз. Қазақта «Бір көрген – біліс, Екі көрген – таныс» деген сөз бар. Өзіңізбен бірнеше рет жүздесіп, жақын адамға айналдық десек болады. Тарихы мен мәдени мұрасы мол ежелгі қала Түркістан қарқынды дамып, заманауи білім беру және мәдени орталыққа айналуда. Шаһарымызда «Вусонг» университетінің филиалын ашу осы жолдағы маңызды кезең екені даусыз және мұның мультипликативті әсері зор болатыны анық. Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз…
