Түркістанды рухани астана ретінде дамыту шаралары өңір экономикасына тың серпін берді. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер өсімі қалыптасты. Жалпы өңірлік өнім 6 жылда 2,5 есеге өсіп, былтыр 4,2 трлн теңгеге жетті. Биыл 6 трлн теңгеге жеткізу жоспарланған. Жалпы өнеркәсіп өнім көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артып, өткен жылы алғаш рет 1 трлн теңгені құрады. Былтыр өңдеу өнеркәсібінде жоспарланған 20 инвестициялық жоба толық іске қосылып, 600-дей жаңа жұмыс орны ашылды. Облыс орталығында 250-ден астам заманауи ғимарат бой көтерді. Тұрғын үйлер, мәдениет, спорт, білім, медицина, инфрақұрылым нысандары ел игілігіне берілді. Облыстың жалпы өңірлік өнім көлемін екі есе арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Экономиканы…
Автор: author
Төлеби ауданында Жастар орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2023 жылдың тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары биылғы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда еңселі ғимараттың ішкі әрлеу, қабырғасын қаптау, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Construction Group SAMRUK» ЖШС. Ескі ғимараттың еденінен бастап шатырына дейін, толық жаңалануда. Орталық екі қабаттан тұрады. Сонымен қатар мәжіліс зал, концерт зал, сахна, жеке қабылдауға арналған арнайы кабинеттер, мамандар отыратын жеке бөлмелерге дейін толық жөнделіп, әрленуде. Аудан әкімі Төлеген Телғараев құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде сапалы әрі толық аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, ХХ ғасырдың 80 жылдары аудан…
Түркістан облысында инвестиция тартуға басым бағыт берілген. Өңірде инвестициялық штаб жұмыс істейді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әрбір инвестормен жеке кездесіп, қолдап, әр жобаның түпкілікті жүзеге асуын жіті бақылайды. Барлық аудан, қала әкіміне нақты индикаторлар бекітілген. Аудан, қала басшылары жергілікті кәсіпкерлермен бірге Түркия, Қытай, Аустралия, Өзбекстан елдерінің өндірістік аймақтарына іссапарларда болды. Делегация әлемге танымал кәсіпорын, зауыттарды аралап, алпауыт компаниялармен келісімдер жасалды. Озық шетел тәжірибесі кеңінен қолдану мақсатында атқарылған тиісті жұмыстар оң нәтижесін көрсетуде. 6 жылда облыс экономикасына тартылған инвестиция 3 есеге артып, 2023 жылы 972 млрд теңгені құрады. Негізгі капиталға бағытталған қаржының басым бөлігі жеке инвестицияға тиесілі. 2023 жылға жоспарланған 56…
Еліміздегі су үнемдеу технологиясын шығаратын ең алғашқы зауыт Түркістан облысында іске қосылды. Биыл екінші зауыт жабдықталып, өз жұмысын бастайды. «BNK Group LTD» компаниясы америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, айналмалы және фронтальды әрекет ететін жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосты. Өндірістік техника 3 мың м2 метр аумаққа орналастырылды. «BNK Group LTD» ЖШС-ның құны 4,1 млрд. теңгені құрайтын «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты Түркістан қаласында орналасты. Осы кәсіпорынның 50 мың гектарды, «Тұран су» мекемесінің жылына 9 мың гектарды тамшылатып суғару жүйесін өндіретін кәсіпорындары маусым айында іске қосылады. «Инвестициялық субсидия» бағдарламасы аясында су үнемдеу технологиясын енгізу шығынының 50%-ын өтеу, жергілікті бюджет есебінен…
Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстағы сәулеттік жобалар талқыланған жиын өтті. Жиында өңір басшысы әрбір нысанның құрылысы талапқа сай әрі сәнді жүргізілуі тиіс екенін ескертті. Сонымен бірге құрылыс қоршаған ортаға, жасыл желекке кері әсер етпеуі тиіс екенін айтты. — Нысандардың сәулеттік жобаларын шығыс үлгісіне сай жасақтау қажет. Түркістан қаласының өзіндік дизайны, құрылыс жүйесі болуы тиіс. Әрбір құрылысты зерделеп, сараптаудан өткізу керек. Нысандарды салу барысында ағаштарды кеспей, айналып өту жағын қарастырыңыздар — деді Дархан Сатыбалды. Мәжілісте Күлтөбе қалашығы аймағындағы туристік нысан, Түркістан қаласы аумағында шығыс үлгісінде безендірілген мұнаралар салу, ескек есу каналын туристік нысанға айналдыру үшін ғимараттар мәселелері талқыланды. Сондай-ақ…
Мемлекет басшысы су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан ел азаматтарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Президент, ең алдымен, бұл бұрын ешқашан болмаған ең жойқын табиғи апат екенін атап өтті. Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы, ел көлемінде 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басты. – Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Біртұтас ел екенімізді көрсеттік. Құтқарушылар, әскерилер, ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар Отан алдындағы парызын мінсіз атқарды. Бір сөзбен, антқа адал болды, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев топан сумен күреске күштік құрылымдардың 63 мыңнан астам қызметкері атсалысқанына назар…
Аты аңызға айналған Силикон алқабында тарихи оқиға болып, TechFusion Dynamics стартап-компаниясының ұйымдастыруымен алғаш рет робот өнер көрсетті. Шараны тамашалау үшін мыңдаған көрермен стадионға лық толып жиналды. Бұл бірегей және жаңашыл шоуды тамашалау үшін мыңдаған көрермен стадионға лық толды. Олардың көргендері барлық үміттерінен асып түсті – ең озық технологиялармен жабдықталған робот көрермендерді тек вокалдық қабілетімен ғана емес, нағыз әртістігімен де таң қалдырды. Концертте сөз алған робот тамаша ағылшын тілінде, тіпті сәл британдық акцентпен сөйлеп, көрермендерді құттықтады. Одан кейін әр жастағы тыңдармандардың көңілінен шығу үшін таңдалған әр жылдардағы музыкалық хиттерді орындады. Концерттік бағдарламада классикалық рок-хиттер де, заманауи поп-каверлер де болды. Бұл роботты…
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында халықпен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады. Шараға Министрліктің Мемлекеттік қызметтер комитеті мен Телекоммуникациялар комитетінің басшылығы, ұялы байланыс операторлары, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ және облыс әкімдігінің өкілдері қатысты. Бірінші вице-министр өз сөзінде еліміздегі және облыстағы ІТ саласының дамуы, Түркістанда «Smart city» енгізу барысы туралы айтты. «Өткен жылы біз әкімдікпен бірлесе отырып, өңірде ІТ саласын танымал етуге, адами капиталды дамытуға, жаңа дағдыларды оқытуға және мамандандырылған іс-шараларды өткізуге ықпал ететін Түркістан хабын аштық. Бүгінде ел бойынша 14 аймақтық хаб ашылды. Өңірде қазақстандықтарды IT мамандықтары бойынша оқытуға арналған TechOrda бағдарламасына…
Түркістан облысында жаңа оқу жылына 15500 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары техникалық, құрылыс және ауылшаруашылық салалары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім салаларына бағытталған. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында талқыланды. Күн тәртібінде білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында жарияланған конкурс нәтижелері бойынша оқу орындарының тізбесін анықтау мәселелер қаралды. Бүгінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау сапасын арттыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жұмыс берушілердің талабына жауап бере алатын, заманауи құрал-жабдықтарды меңгерген, кәсіби шеберлігі шыңдалған мамандар даярлау басты назарда. Облыс әкімдігінің өкімімен Техникалық және кәсіптік, орта білімен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған…
Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» экоакциясы басталды. Игі акция аясында қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың бастамасымен қалаға кіреберіс Арыс өзені жанындағы 0,65 га аумаққа жеміс ағаштары отырғызылған болатын. Бүгінде көктемде отырғызылған жеміс бауын түлетуге «Жасыл Арыс» КММ-нің мамандары бел шешіне кірісті. Көшеттерді тұрақты түрде тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге 400 текше метрді құрайтын арнайы бассейн мен екі дана су айдау моторы орнатылды. Суды үнемдеу әрі өнімділікті қамтамасыз ету үшін әр көшеттің түбіне тамшылатып суғару жүйесі ендірілген. Жанында орналасқан өзен суынан қоректенуі де жеміс ағаштарының тез бой алып, өнуіне де септігін тигізбек. Бүгінде мұнда алма, өрік, шабдалы, жаңғақ, тұт, жиде секілді жеміс…
