Apple компаниясы бүгін iPhone операциялық жүйесінің биылғы ерекшелігі – iOS 18 нұсқасын ұсынды. iOS 18 негізгі экранды теңшеудің жаңа құралдарын ұсынады. Қолданба белгілері енді қараңғы режимде болады және пайдаланушылар оларды бірегей көрініс жасау үшін теңшей алады. Қолданбаларды енді Android жүйесінде ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқандай, «Басты экранда» еркін жылжытуға болады. Жаңа нұсқада басқару орталығы қайта жасақталды және кеңейтілген теңшеу опцияларына ие болды, сондай-ақ жаңа галерея пайда болды. Әзірлеушілер енді басқару орталығындағы қолданбаларынан құралдарды ұсына алады. Кез келген қолданбада Face ID құлыптауға болады. Пайдаланушылар Face ID арқылы құлыпталған қалтадағы қолданбаларды жасыра алады. iOS 18 жүйесінде құлыптау экранының бұрыштарындағы түймелерді өзгертуге болады. Қолданбаларды жасыру…
Автор: author
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов ауданның спортшысы, бокстан әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновты арнайы қабылдады. Жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, алдағы Париж қаласында 2024 жылдың 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтетін 33-жазғы Олимпиада ойындарында Көк Туымызды желбірете беруіне сәттілік тіледі. – Биыл Италия елінің Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирде 4 рет жекпе-жек өткізіп, Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алып, жоғары жетістікке қол жеткізген болатынсыз. Олимпиада ойындарына осымен қатарынан екінші мәрте баратын отандық спортшы ретінде барша аудан халқы Сізге сенім артып отырмыз. Бұл жолы да аламан сайыста қоржыныңызға алтын салып қайтатыныңызға сенемін, – деді аудан әкімі. Бұдан бөлек, әлемдік бәсекеде жеңіс…
Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы мен Корея Республикасының Президенті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, шақыруын қабыл алып, сапармен келгені үшін Президент Юн Сок Ёльге шынайы ризашылығын білдірді және бұл күнді қазақ-корей достығы жылнамасындағы айтулы оқиға деуге толық негіз бар екенін айтты. – Біз Корея басшысының осы мемлекеттік сапарына айрықша мән береміз. Бұл екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Мен елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймын. Бүгін біз кеңейтілген стратегиялық әріптестігімізді одан әрі дамытуға уағдаластық. Өзара ықпалдастықтың жаңа бағыттарын айқындадық. Ең бастысы, бір-бірімізге әрқашан тілеулес екенімізді таныттық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Президенті екі ел сауда-экономика…
Бүгін Түркістан облысы әкімдігінде «Е-Өтініш» платформасында ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің аспектілері мен перспективалары туралы оқыту семинары өткізілді. Оқыту семинарына 230-дан аса аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалардың бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар оқыту семинарына ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша Өтініштерді талдау және бақылау бөлімі, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты және «Бітімгер медиаторлар» қоғамдық бірлестігінің өкілдері шақырылды. Облыс әкімі аппараты өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің тарапынан 2024 жылдың 5 айының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардан түсетін өтініштердің қаралуына талдау жасап, бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы баяндады. 2024 жылдың 5 айына…
Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толуына орай ересектер арасында Кентау қаласында өткен Президенттік көпсайыстан Түлкібас ауданының құрама командасы облыс чемпионы атанды. Күннің ыстығына қарамастан спортшылар 3 шақырым қашықтыққа жүгіру, жүзу, 100 метр жылдамдыққа жүгіру және қашықтыққа секіру сынды спорт түрлерінен 5 жас ерекшеліктері бойынша сынға түсті. Нәтижесінде түлкібастықтар ұпай есебімен өңіріміздің барлық аудан, қалаларының құрамаларынан айқын басымдықпен озып, жеңімпаз болды. Екінші орынға кентаулықтар ие болса, үшінші орынға Мақтаарал командасы ие болды. Жарыс нәтижесімен жүлделі орындардан көрінген командалар Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан кубок, медаль және алғыс хаттармен марапатталды.
Бәйдібек ауданы «Тау шыңы» демалыс лагерінде балалардың жазғы демалыс маусымының ашылу салтанаты өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық мәслихаттың төрағасы Имангелді Түймебаев қатысып, маусымның басталу сәтімен құттықтап, лагерь жұмысына сәттілік тіледі. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін, үш айлық демалыстарын тиімді өткізу мақсатында биылғы жылы Бәйдібек ауданында «Тау шыңы» демалыс лагеріне 1000 балаға, қала сыртындағы лагерлерге 1001 балаға жолдама берілген болатын. Сонымен қоса, қазіргі таңда «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан бөлінген жолдамамен аудандағы 81 бала Түлкібас ауданындағы «Машат-Арасан» жазғы сауықтыру лагерінде демалуда. Жазғы лагерлерде оқушылар демалумен қатар, білім көкжиектерін кеңейтіп, шығармашылыққа бейімделетін болады. Ұстаздар жоспарға сәйкес топтармен жұмыс жасап, балалардың шығармашылық,…
Арыс қаласында «Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасуда. Акция аясында қала көшелерінің бойында орналасқан светодиодты түнгі жарықшамдарға жаппай зерделеу жұмыстары жүргізіліп, істен шыққан лампалар жаңасына ауыстырылып жатыр. Негізгі орталық көшелерде тиісті жұмыстар жүргізіліп біткен соң, ішкі көшелердің бәрінде істен шыққан түнгі жарықшам бағаналары қалпына келтірілетін болады. Бүгін Арбат демалыс аумағында орындықтарды сырлау, бұзылғандарын ретке келтіру, ағаштарды суарып, арамшөптерін шабу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар брусчаткалар ретке келтіріліп, ойын балалары үшін барынша жағдайлар жасалынуда. Ал «Теміржолшылар» саябағында маусым айында түнгі жарықшамдар іске қосылып, балалар үшін таптырмас ойын сауық орталығына айналды. Бұдан бөлек, саябақ аумағынан қоқыстар жиналып, полигонға шығарылуда. Абаттандыру, тазалау шаралары Дендросаябақ, С.Адабеков…
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «URKER» жазғы сауықтыру лагері іске қосылды. Жоба құны 400 млн теңге болатын кешенде 60-қа жуық адам жұмыспен қамтылады. Демалыс аймағының ашылу салтанатына қатысқан Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов тұрғындарды құттықтап, балаларға жазғы демалысты жақсы өткізуге тілектестігін білдірді. — Жазғы демалыста осы лагердің іске қосылғаны біз үшін де, балалрымыз үшін де қуанышты жағдай. Енді балаларымыз жазғы уақыттарын ата-анасынан жырақта емес, жақын маңайдағы табиғаты керемет лагерде демалатын болады. Демалып қана қоймай, денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік болады. Осындай игі істі қолға алған азаматтарға алғысымыз шексіз, — деді қала әкімінің орынбасары. «URKER» жазғы сауықтыру лагерінде 450 бала үш ай бойы…
Түркістан облысы бойынша басқармаға қарасты 12 коммуналдық мемлекеттік қызмет көрсететін орталық, мүгедектігі бар адамдарға және қарт азаматтарға мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетіп келеді. Оның ішінде 10 мекемеде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығымен бекітілген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Стандарттарына сәйкес мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрін көрсетумен айналысады. Оған қоса аудан, қала әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне қарасты 49 үйде қызмет көрсету бөлімдері мен 11 күндізгі қатынау бөлімшелерінде үйде және күндізгі болу жағдайында, мүгедектігі бар балалар мен жалғызілікті қарттарға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілуде. Өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Кентаудағы Жылу энерго орталығын жаңғырту жобасы бойынша кезекті кездесу өтті. Кездесуге «Қазақстандық Коммуналдық жүйелері» ЖШС, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің басшылығы мен жауапты басқарма басшылары қатысты. Бүгінде «Қазақстандық Коммуналдық жүйелері» ЖШС мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жаңа газ турбиналы электр станциясын салу арқылы қолданыстағы Кентау ЖЭО-5 мекемесін кеңейту жобасын іске асыруда. Түркістан облысының әкімдігі, ҚР Энергетика министрлігі және «Қазақстандық Коммуналдық жүйелер» ЖШС арасында биылғы көктемде. үшжақты ниет шартына қол қойылған. Жобаның бастамашысы – «Қазақстандық Коммуналдық жүйелері» ЖШС. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бұл жобаның халық үшін маңызы зор әрі қатаң бақылауда екенін жеткізді. Жобаның есеп-қисабын дәл есептеп, міндетемелерді…
