Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени концерттік бағдарламалар көпшілік назарына ұсынылды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков көпшілікпен бірге мерекелік бағдарламаларды тамашалады. Ұлттық дәстүрді қайта жаңғыртқан мерекеде қала тұрғындары мен қонақтары салттық дәстүрлер көрінісі, ат әбзелдері мен зергерлер, ұлттық сусындар алаңы, ұлттық киіз үйлер орталығы, түрлі ұлттық ойындар алаңы және тағы басқа іс-шараларға куә болды. Қазақтың дәстүрі мен мәдениетін дәріптейтін «Қошқар ата сейілі» мерекесі қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Автор: author
«Үкімет осы қағиданы негізге ала отырып, облыстардың еншісіндегі әлеуметтік салықты сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Алайда облыс әкімдері бюджет қаржысын үнемдеп, тиімді пайдалануы керек. Елге пайдасы тиетін әлеуметтік маңызы бар жобаларға басымдық беру қажет. Бүгін айтылған бастамалар мен жобалар аймақтардың біркелкі дамуына ықпал етіп, еліміздің одан әрі өркендеуіне жол ашады деп сенемін» t.me/aqorda_resmi
«Жергілікті билік түбегейлі жаңғыртылды. Үш жылдан астам уақыт ішінде ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарды. Оның үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар. Бір сөзбен айтсақ, аймақтардағы атқарушы билікке жаңа адамдар келіп жатыр. Пилоттық жоба ретінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімі сайланды. Биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайтын болады. Түрлі деңгейдегі мәслихат сайлауы өкілді билік органдарының жұмысына тың серпін берді. Облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының 90 пайызы бір мандатты округтен, яғни тікелей дауыс беру арқылы сайланды. Билік жүйесінде мұндай ауқымды өзгеріс бұрын-соңды болмады» t.me/aqorda_resmi
«Ел ішіндегі өзгерістерге Ұлттық құрылтай мүшелері де орасан зор үлес қосты. Жұртымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, игі істерге жұмылдырды. Алқалы жиын алғашқы күннен бастап жалпыхалықтық жаңғырудың символына айналды. Қоғамдық диалогтың жаңа үлгісі қалыптасты. Өзара түсіністік пен құрмет бар жерде келісім болады. Құрылтайдың түпкі мақсаты да – осы» t.me/aqorda_resmi
«Члены Национального курултая вносят значительный вклад в модернизацию страны, объединяя граждан вокруг общих созидательных целей. Эта площадка с первых дней стала символом обновления, заложив новые стандарты общественного диалога. Там, где есть взаимное понимание и уважение, всегда будет согласие. В этом и заключается главная задача Национального курултая» t.me/aqorda_resmi
Наурыз – халқымыздың ең маңызды, ең шынайы мерекелерінің бірі. Бұл тек табиғаттың жаңаруы ғана емес, адамның да рухани тазаруы, өткенге көз жүгіртіп, жаңа жылға үмітпен қадам басу кезеңі. Наурыздың бастамасы ретінде тойланатын 14 наурыз – «Көрісу күні» немесе Амал мерекесі де ұлттық дәстүріміздің жарқын көрінісі. Таң атысымен қала көшелерінде мерекелік көңіл-күй орнады. Қоғамдық көліктерде ұлттық әндер шырқалып, жолаушыларға дәстүрлі музыка мен халық әндері ұсынылса, қаланың қапасы саналатын әуежай мен темір жол воқзалы маңы да ән-жырға бөленді. Көрісу жоралғысы – Астана алаңында да өтті. Мұнда мәдениет және өнер өкілдері арнайы қойылымдар ұйымдастырып, қала тұрғындарына ізгі тілектерін арнады. Ж.Шанин атындағы қазақ драма…
Түркістан өңірінде шалғай ауылдарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету және инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Заманауи медициналық пункттер ашылып, қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылуда. Бұл бастамалар тұрғындардың дәрігерлік көмекке қолжетімділігін арттырып, денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарын пайдалануға тапсыру бойынша мәжіліс өткізді. Денсаулық сақтау және құрылыс басқармаларының жауапты өкілдері, бас дәрігерлер және мердігерлер қатысқан жиында өзекті мәселелер талқыланды. 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарының құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 32 нысан ашылып, бүгінде жергілікті халыққа қызмет көрсетуде. 1 нысан жеке инвестор…
Құрметті отандастар! Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын! Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз. Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі. Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін. Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін! Баршаңызға зор денсаулық,…
Уважаемые соотечественники! Сердечно поздравляю вас с Амал күні – предвестником праздника Наурыз! Справляться о благополучии друг друга после долгой зимы – наша особая традиция, идущая из глубины веков. В этот день люди встречаются с родными и близкими, молодежь получает благословение у старших. Через подобные обычаи наш народ издревле прививал подрастающему поколению такие качества, как дружелюбие и отзывчивость, милосердие и сострадание. В современном Казахстане все это в полной мере находит свое отражение в концепции Адал азамат. Сегодня уникальная традиция көрісу, предшествующая празднику Наурыз, вновь возрождается, приобретая общенациональный характер. Уверен, что она будет способствовать укреплению единства и солидарности нашего народа. Пусть в…
Бұл – қаламыздың бірегей стилін қалыптастырып, оның тарихи, мәдени және географиялық ерекшеліктерін айшықтайтын маңызды жоба. Конкурсқа кез келген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Өңірлік нышан жобасы бұрын қолданылмаған, ерекше әрі Түркістанның болашақ даму бағытын көрсететін жаңа жұмыс болуы тиіс. Жобада ұлттық этнографиялық элементтерді, ою-өрнектерді пайдалануға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, діни, рулық және тайпалық белгілерді қолдануға тыйым салынады. Бұл конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңына қол қоюына байланысты ұйымдастырылуда. Бұл заң Түркістанның әкімшілік, экономикалық және мәдени даму бағыттарын айқындап, оның тарихи-рухани орталық ретіндегі мәртебесін бекітеді. Осыған орай, қаланың бірегей келбетін қалыптастыру мақсатында өңірлік нышан әзірлеу…
