Автор: author

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Арыс қаласында көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Тазалық жұмыстар қала әкімінің жіті бақылауында. Бүгінде Арыс қаласына кіреберісте орналасқан «Дендросаябаққа» жаңадан автоматты суғару жүйелері орнатылды. Аталған жұмыстарды «Kazakh Real Stroy» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырды. Алдымен мұнда арамшөптерді ору жұмыстары жүргізіліп, саябақ ішіне санитарлық тазалық жұмыстары атқырылды. Енді міне, автоматты суару жүйелері іске қосылды. Аумағы 12 гектарды құрайтын әсем саябақ алдағы уақытта қала тұрғындарының саялы демалыс аумағына айналмақ.

Read More

UEFA талаптарына байланысты 2024 жылдан бастап еліміздегі барлық стадионның астында жылу болуы керек. Ел стадиондарына деген талаптың күшеюіне орай UEFA-ның халықаралық талаптарына сай «Turkestan-Arena» стадионында жылыту және су бұру жүйелері орнатылды. Сондай-ақ алаң толық ауыстырылып, табиғи көгал төселді. Жаңарған стадионда Қазақстан футбол федерациясы инспекциялау жұмыстары жақын күндері жүргізеді. Облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды стадиондағы жаңарту жұмыстарымен танысты. Жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берді. Стадион алаңына Испанияда өндірілген жасанды көгал төселді. Жасанды төсем UEFA-ның бар­лық заманауи талаптарына сай келеді. 12 000 көрерменге арналған футбол алаңдары үшін халықаралық және ұлттық құрама командалары ойындарын ойнатуға рұқсат берілгенін ескерсек, «Turkestan-Arena» стадионына…

Read More

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сарыағаш пен Келес аудандарына іссапармен барды. Онда өңірдегі әлеуметтік және қоғамдық өзекті мәселелерді талқылау, шешу жолдарын қарастыру мақсатында жиын өткізді. Мәжіліске аудан әкімдіктері және жергілікті құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Тұрғындар тарапынан түрлі ұсыныстар айтылып, сауалдарға жауаптар берілді. Жиынға қатысушылар этносаралық қарым-қатынасты нығайту, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жөнінде пікір алмасты. Зейнет жасына дейінгі ел азаматтарына «Күміс жас» жобасы, жастарға 12 бағыттағы мемлекеттік бағдарлама қарастырылған. Солардың ішінде облыстағы колледжерге гранттар мен «Серпін» бағдарламасының, 2,5 пайыздық жастарға арналған жеңілдетілген несие алудың мүмкіндіктері түсіндірілді. Ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік бойынша «Ауыл аманаты» жобасы туралы Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев толықтырды. «Тұрақтылық пен келісімді…

Read More

Бүгін Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасына қарасты мекемелер сенбілік жасап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Жақында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы нәтижелі аяқталды. Осы бағытта жалпыхалықтық сенбіліктер жыл соңына дейін жалғасады. Облыс орталығындағы мәдениет ошақтары да бұған үлес қосып, мекеме маңына тазалық жұмыстарын жүргізді. Айналаны қоқыстан тазартып, қолдау білдірді. Сонымен қатар аудан, қаладағы барлық мәдени мекемесі де атсалысып жатыр. Сенбілік мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сонымен қатар әрбір азамат облысымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу. Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын…

Read More

Түркістанды рухани астана ретінде дамыту шаралары өңір экономикасына тың серпін берді. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер өсімі қалыптасты. Жалпы өңірлік өнім 6 жылда 2,5 есеге өсіп, былтыр 4,2 трлн теңгеге жетті. Биыл 6 трлн теңгеге жеткізу жоспарланған. Жалпы өнеркәсіп өнім көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артып, өткен жылы алғаш рет 1 трлн теңгені құрады. Былтыр өңдеу өнеркәсібінде жоспарланған 20 инвестициялық жоба толық іске қосылып, 600-дей жаңа жұмыс орны ашылды. Облыс орталығында 250-ден астам заманауи ғимарат бой көтерді. Тұрғын үйлер, мәдениет, спорт, білім, медицина, инфрақұрылым нысандары ел игілігіне берілді. Облыстың жалпы өңірлік өнім көлемін екі есе арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Экономиканы…

Read More

Төлеби ауданында Жастар орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2023 жылдың тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары биылғы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда еңселі ғимараттың ішкі әрлеу, қабырғасын қаптау, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Construction Group SAMRUK» ЖШС. Ескі ғимараттың еденінен бастап шатырына дейін, толық жаңалануда. Орталық екі қабаттан тұрады. Сонымен қатар мәжіліс зал, концерт зал, сахна, жеке қабылдауға арналған арнайы кабинеттер, мамандар отыратын жеке бөлмелерге дейін толық жөнделіп, әрленуде. Аудан әкімі Төлеген Телғараев құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде сапалы әрі толық аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, ХХ ғасырдың 80 жылдары аудан…

Read More

Түркістан облысында инвестиция тартуға басым бағыт берілген. Өңірде инвестициялық штаб жұмыс істейді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әрбір инвестормен жеке кездесіп, қолдап, әр жобаның түпкілікті жүзеге асуын жіті бақылайды. Барлық аудан, қала әкіміне нақты индикаторлар бекітілген. Аудан, қала басшылары жергілікті кәсіпкерлермен бірге Түркия, Қытай, Аустралия, Өзбекстан елдерінің өндірістік аймақтарына іссапарларда болды. Делегация әлемге танымал кәсіпорын, зауыттарды аралап, алпауыт компаниялармен келісімдер жасалды. Озық шетел тәжірибесі кеңінен қолдану мақсатында атқарылған тиісті жұмыстар оң нәтижесін көрсетуде. 6 жылда облыс экономикасына тартылған инвестиция 3 есеге артып, 2023 жылы 972 млрд теңгені құрады. Негізгі капиталға бағытталған қаржының басым бөлігі жеке инвестицияға тиесілі. 2023 жылға жоспарланған 56…

Read More

Еліміздегі су үнемдеу технологиясын шығаратын ең алғашқы зауыт Түркістан облысында іске қосылды. Биыл екінші зауыт жабдықталып, өз жұмысын бастайды. «BNK Group LTD» компаниясы америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, айналмалы және фронтальды әрекет ететін жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосты. Өндірістік техника 3 мың м2 метр аумаққа орналастырылды. «BNK Group LTD» ЖШС-ның құны 4,1 млрд. теңгені құрайтын «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты Түркістан қаласында орналасты. Осы кәсіпорынның 50 мың гектарды, «Тұран су» мекемесінің жылына 9 мың гектарды тамшылатып суғару жүйесін өндіретін кәсіпорындары маусым айында іске қосылады. «Инвестициялық субсидия» бағдарламасы аясында су үнемдеу технологиясын енгізу шығынының 50%-ын өтеу, жергілікті бюджет есебінен…

Read More

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстағы сәулеттік жобалар талқыланған жиын өтті. Жиында өңір басшысы әрбір нысанның құрылысы талапқа сай әрі сәнді жүргізілуі тиіс екенін ескертті. Сонымен бірге құрылыс қоршаған ортаға, жасыл желекке кері әсер етпеуі тиіс екенін айтты. — Нысандардың сәулеттік жобаларын шығыс үлгісіне сай жасақтау қажет. Түркістан қаласының өзіндік дизайны, құрылыс жүйесі болуы тиіс. Әрбір құрылысты зерделеп, сараптаудан өткізу керек. Нысандарды салу барысында ағаштарды кеспей, айналып өту жағын қарастырыңыздар — деді Дархан Сатыбалды. Мәжілісте Күлтөбе қалашығы аймағындағы туристік нысан, Түркістан қаласы аумағында шығыс үлгісінде безендірілген мұнаралар салу, ескек есу каналын туристік нысанға айналдыру үшін ғимараттар мәселелері талқыланды. Сондай-ақ…

Read More

Мемлекет басшысы су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан ел азаматтарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Президент, ең алдымен, бұл бұрын ешқашан болмаған ең жойқын табиғи апат екенін атап өтті. Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы, ел көлемінде 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басты. – Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Біртұтас ел екенімізді көрсеттік. Құтқарушылар, әскерилер, ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар Отан алдындағы парызын мінсіз атқарды. Бір сөзбен, антқа адал болды, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев топан сумен күреске күштік құрылымдардың 63 мыңнан астам қызметкері атсалысқанына назар…

Read More