Автор: author

Халықаралық шарттар мен ұлттық заңнама арақатынасы мәселесі көп жылдан бері сарапшылар мен қоғам арасында талқыланып келеді. Мәжіліс депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Мұрат Әбенов жаңа Конституция жобасында ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді. «Біз әріптестерімізбен бірге жоба нормаларын мұқият зерделедік. Маңыздысы – жаңа Конституцияда Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық шарттары мен халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларының заңдық күшін жоққа шығаратын ешқандай ереже жоқ», – деді депутат. Оның айтуынша, Қазақстан өзге мемлекеттермен қарым-қатынаста өзара сыйластық қағидатына, сондай-ақ БҰҰ аясындағы адам құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық шарттарға адалдығын сақтайды. Жоба мәтінінде адамның ажырамас құқықтары мен бостандықтарына қатысты қабылданған халықаралық міндеттемелерден бас тартуды білдіретін нормалар қарастырылмаған.…

Read More

2026 жылғы конституциялық реформа Қазақстанның даму бағытын түбегейлі жаңа деңгейге көтереді. Бұл реформа – ресурстарға тәуелді экономикалық модельден бас тартып, ел болашағын білім, интеллект және адам капиталы арқылы қалыптастыруға бағытталған бетбұрыс кезеңі. Ендігі жерде мемлекеттің басты байлығы минералды ресурстар емес, зияткерлік әлеуеті жоғары, білімі терең, ойы озық азаматтар болады. Конституциялық деңгейде білім, ғылым, мәдениет және инновация ел дамуының негізгі басым бағыттары ретінде бекітіледі. Бұл – ұзақ мерзімді әрі орнықты өсудің берік негізі. Реформа аясында білім беру сапасын арттыру, ғылымды қолдау, мәдени құндылықтарды дамыту және инновациялық технологияларды кеңінен енгізу басты назарда болады. Әсіресе жасанды интеллект дәуірінде интеллектуалдық даму мемлекеттің бәсекеге…

Read More

2026 жылғы конституциялық реформа аясында қабылданатын Жаңа Конституцияда қоғам дамуына жауап беретін заманауи құндылықтар нақты әрі жүйелі түрде бекітіледі. Негізгі заң әділеттілік, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті мемлекеттің басты бағдарлары ретінде айқындайды. Жаңа Конституцияда қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше мән беріліп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаты алғаш рет конституциялық деңгейде бекітіледі. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті күшейтуге бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар цифрлық кеңістіктегі құқықтарды қорғау нормасы енгізіледі. Азаматтардың цифрлық ортадағы жеке деректері мен құқықтарының қорғалуы құқықтық мемлекеттің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Дәстүрлі құндылықтарды сақтау да Конституцияның маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Неке – ер мен әйелдің ерікті…

Read More

Қазақстанның жаңа Конституциясы аясында елдегі заң шығару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды институционалдық реформа жүзеге асырылуда. Соның негізгі тетіктерінің бірі – жаңа бірпалаталы Парламент, яғни Құрылтайдың құрылуы. Жаңа Парламент кеңейтілген өкілеттіктерге ие 145 депутаттан тұрады. Депутаттардың өкілеттік мерзімі бес жыл болып белгіленіп, бұл заң шығару қызметінің тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылтайды қалыптастыру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Бұл тәсіл саяси партиялардың рөлін арттырып, олардың кадрлық әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар партиялардың институционалдық салмағы күшейіп, саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігі арта түседі. Аталған өзгерістер өкілді биліктің тиімділігін арттыруға, саяси бәсекелестікті нығайтуға және қоғам мүддесін заң шығару деңгейінде…

Read More

2026 жылға жоспарланған конституциялық реформа аясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының бірқатар маңызды жаңалықтары ұсынылды. Ата Заң жобасында мемлекеттің зайырлы сипаты нақты бекітіліп, дін мен мемлекеттің ара-жігі айқын ажыратылды. Сонымен қатар, білім беру мен тәрбиенің зайырлы сипатын орнықтыру көзделіп, бұл бағыт жас ұрпақты тәрбиелеуде заманауи және бейтарап құндылықтарға негізделген жүйені қалыптастыруға бағытталған. Жаңа нормалар қатарында неке ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде айқындалып, отбасы институты мен дәстүрлі құндылықтарды қорғау ең жоғары құқықтық деңгейде қамтамасыз етіледі. Аталған өзгерістер құқықтық мемлекетті нығайтуға, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.

Read More

2026 жылға жоспарланған конституциялық реформа аясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының бірқатар маңызды жаңалықтары ұсынылды. Ата Заң жобасында мемлекеттің зайырлы сипаты нақты бекітіліп, дін мен мемлекеттің ара-жігі айқын ажыратылды. Сонымен қатар, білім беру мен тәрбиенің зайырлы сипатын орнықтыру көзделіп, бұл бағыт жас ұрпақты тәрбиелеуде заманауи және бейтарап құндылықтарға негізделген жүйені қалыптастыруға бағытталған. Жаңа нормалар қатарында неке ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде айқындалып, отбасы институты мен дәстүрлі құндылықтарды қорғау ең жоғары құқықтық деңгейде қамтамасыз етіледі. Аталған өзгерістер құқықтық мемлекетті нығайтуға, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.

Read More

Жаңа Конституция жобасында Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган – Халық Кеңесін құру қарастырылған. Халық Кеңесінің негізгі міндеті – қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық бірлікті күшейту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сонымен қатар Кеңес Құрылтайға заң жобаларын енгізуге және жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтеруге құқылы. Бұл норма халықтың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтереді.

Read More

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылап, оның ел дамуы үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Кеңес мүшелерінің пікірінше, қолданыста болған Конституцияның 84 пайызына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты Мемлекеттің басты заңдық құжатын «Жаңа Конституция» деп атауға толық негіз бар. Сонымен қатар, көпшілік талқысына ұсынылған құжат жобасына қатысты бірқатар ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды. Жиынды Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бұхарбай Парманов жүргізді. Басқосуға Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов қатысып, Жаңа Конституция жобасында қамтылған негізгі бағыттарға жан-жақты тоқталды. Бахадыр Нарымбетовтің айтуынша, Конституция жобасын әзірлеу барысында қазақстандықтардан түскен 2000-нан астам ұсыныс…

Read More

Шымкент қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Жиынға партияның қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, фракция жетекшісі Талғат Балтабаев және фракция мүшелері қатысты. Отырысты Ербол Байқонысов жүргізіп, алдымен жақында фракция жетекшісі болып сайланған Талғат Балтабаевты ресми түрде таныстырды. Ол жаңа жетекшінің тәжірибесі мен жауапкершілігі фракция жұмысына серпін беретініне сенім білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. «Фракция – партия саясатын мәслихат деңгейінде нақты іске асыратын маңызды алаң. Сондықтан депутаттардың бірлігі мен жауапкершілігі қала тұрғындары үшін шешілетін мәселелердің сапасына тікелей әсер етеді», – деді Ербол Байқонысов. Өз кезегінде Талғат Балтабаев сенім білдірген әріптестеріне алғыс айтып, фракция жұмысының тиімділігін…

Read More

Шымкент қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау және түсіндіруге арналған кеңес өтті. Іс-шараға аудан әкімдері, басқарма басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кеңесті ашқан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа Конституция жобасының ел үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерген болатын. Бұл реформа саяси жүйені кешенді жаңғыртуға және жасанды интеллект дәуірінде елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасауға бағытталған. Қала әкімі 8 қазанда Президенттің парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойғанын еске…

Read More