Автор: author

Шымкентте өтіп жатқан Digital Qazaqstan 2026 халықаралық форумы аясында Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың (БӨД) 35 жылдығына арналған жаңа пошта маркасының салтанатты таңба қою рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, БӨД бас директоры Алексей Бородин, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Бекежан Жәкеев қатысты. Мерейтойға арналған марка Қазақстанның өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін бейнелейді. Рәсімге қатысушылар маркаларды «Бірінші күн» арнайы штемпелімен таңбалап, естелік конверттерге қолтаңбаларын қалдырды. Сонымен қатар, халықаралық серіктестік белгісі ретінде олармен алмасты. Марка төрт түсті офсеттік тәсілмен дайындалып, 6 маркадан тұратын парақ форматында ұсынылған. Номиналы – 800 теңге, таралымы –…

Read More

🔹Бүгін Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың «Жас ғалымдар» клубы және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және этнология» ғылыми орталығының ұйымдастыруымен «Ғылым, білім және инновация – конституциялық басымдық ретінде» тақырыбында ІІІ дискуссиялық алаң өтті. 🔹Іс-шара 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституцияның елдің ғылыми-білім беру саясатына, инновациялық даму бағытына және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына ықпалын талқылауға арналды. 🔹Алаң барысында жас ғалымдар жаңа Конституцияның ғылым мен білімді дамытудағы рөлі, цифрландыру мен инновациялық жобаларды қолдау тетіктері, ұлттық код пен бірегейлікті сақтау, «ұлттық брендті» нығайту бағытындағы маңызы жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері…

Read More

🔹Бүгін қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен республикалық референдумның қорытындыларын талқылауға арналған жиын өтті. Басқосуды мемлекет және қоғам қайраткері, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев жүргізді. 🔹Жиын барысында қатысушылар ел өміріндегі маңызды саяси науқан – жаңа Конституция жобасын қабылдау жөніндегі республикалық референдумның маңызы мен нәтижелері туралы пікір алмасты. Белгілі болғандай, 16 наурыз күні Орталық референдум комиссиясы дауыс берудің алдын ала қорытындысын жариялап, референдумға қатысқан азаматтардың 87,15 пайызы ұсынылған өзгерістерді қолдап дауыс бергенін мәлімдеді. Сонымен қатар, референдум күні жүргізілген экзитпол нәтижелері де қатысушылардың 86 пайыздан астамы жаңа Конституцияны қолдағанын көрсетті. 🔹Ассамблея мүшелері де жаңа Ата Заңды қабылдау…

Read More

Шымкентте Көксай шағынауданын жаңарту тұжырымдамасын жүзеге асыру жалғасуда. Бұл жоба қалалық ортаны жаңартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жобаның маңызды кезеңдерінің бірі – тозығы жеткен үйлерде тұратын азаматтарды реновация бағдарламасы аясында жаңа, заманауи әрі жайлы пәтерлерге көшіру. Бүгінгі таңда бағдарлама аясында 110 отбасы жаңа баспанамен қамтылды. Оларға Шымкент Сити және Тұран шағынаудандарындағы тұрғын үй кешендерінен пәтерлер дайындалған. Пәтерлер толықтай әрленген күйде тапсырылып, қоныстануға дайын. Ал бөлме саны тұрғындардың бұрынғы пәтерлеріндегі бөлме санына сәйкес беріліп, отбасылардың қалыптасқан тұрмыс жағдайын сақтауға мүмкіндік жасалған. Бүгін Нұрлыбаев көшесі, 5А мекенжайындағы ескі үйде тұрған тағы сегіз отбасыға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Кілт табыстау…

Read More

Шымкент қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті. Ауқымды іс-шара белсенді азаматтарды, ерекше балалардың ата-аналарын, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен бизнес өкілдерін бір алаңға біріктірді. Жастар ресурстық орталығында өткен форумның басты мақсаты – инклюзивті қоғамды дамыту, ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен олардың отбасыларын қолдау, сондай-ақ білім алу, жұмысқа орналасу және әлеуметтік тұрғыдан өзін жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру. Форумды кедергісіз орта қалыптастыру бағытында жұмыс істейтін «Arman Alemi» қозғалысы Шымкент қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының қолдауымен және серіктес – «Шымкент – қайырымды қала» корпоративтік әлеуметтік даму қорының қатысуымен ұйымдастырды. Бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан…

Read More

Шымкент қаласында стенд атудан 2010 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Ел біріншілігіне Қазақстанның түрлі өңірлері мен қалаларынан келген 120-ға жуық жас спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтауда. Чемпионаттың негізгі мақсаты – жас мергендердің шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және болашақта халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын талантты спортшыларды анықтау. Жарыс барысында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар Қазақстан Республикасының жасөспірімдер ұлттық құрамасына іріктеліп, алдағы халықаралық жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Айта кету керек, стенд ату – дәлдік пен төзімділікті, жоғары шеберлікті талап ететін олимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Осыған байланысты республикалық деңгейде ұйымдастырылатын мұндай жарыстар жас спортшылардың…

Read More

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Өңірлік даму аймақтық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға партияның қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, кеңес төрағасы Лазиз Сулайманов және кеңес мүшелері қатысты. Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларды қолдау және оларды қоғамда кеңінен талқылау мәселелері қаралды. Қазіргі таңда елімізде жаңа Конституция жобасына байланысты ауқымды қоғамдық пікір алмасулар, сараптамалық кездесулер мен түрлі деңгейдегі жиындар өтіп жатқаны атап өтілді. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша сөз алған Ербол Байқонысов конституциялық реформалардың маңыздылығына кеңінен тоқталды. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған бастамалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жаңа Конституция жобасының…

Read More

Қазақстан Республикасының Конституциясы елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды басты құндылықтардың бірі ретінде айқындайды. Мемлекеттің тұрақтылығы мен халықтың қауіпсіздігі – кез келген елдің дамуы мен болашағының негізі. Қауіпсіздік мәселелері мемлекеттік саясатта ерекше маңызға ие. Осы бағытта билік органдары заң аясында әрекет етіп, елдің тәуелсіздігі мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізеді. Кешенді тәсіл қоғамды қорғауға, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл – ел болашағына деген сенімді арттырып, азаматтардың бейбіт әрі қауіпсіз өмір сүруіне берік негіз қалайды. Мемлекеттің қауіпсіздігі – әрбір азаматтың амандығы мен елдің ертеңіне деген сенімнің кепілі.

Read More

Қазақстан Республикасының Конституциясы тарихи және мәдени құндылықтарды қорғауды мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі ретінде айқындайды. Ұлттың өткенін, рухани байлығын және дәстүрін сақтау – болашақ ұрпаққа аманат. Мемлекет тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қорғауды қамтамасыз етіп, азаматтардың оларға қолжетімді болуына жағдай жасайды. Бұл – қоғамның мәдени санасын дамытуға және ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар, ұлттық дәстүрлер, өнер мен рухани мұра әрдайым қолдау табады. Өйткені тарих пен мәдениет – ұлттың тұтастығын сақтайтын, қоғамның дамуына бағыт беретін құндылықтар. Мәдени мұраны сақтау – тек өткенді құрметтеу ғана емес, сонымен бірге болашаққа берік рухани негіз қалыптастыру.

Read More

Шымкент қаласында жаңа Конституцияны қолдауға арналған «Біз халықтық Конституцияны қолдаймыз» атты ауқымды спорттық-мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион алаңында өткен кешке шамамен 20 мыңға жуық адам жиналды. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарды 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысуға шақыру және жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясының мән-маңызы мен мазмұнын түсіндіру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа Конституция елдің демократиялық негіздерін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған. Құжатта «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын дамытуға басымдық берілген. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және Integra Construction KZ компаниясының меншік иесі Шахмұрат Муталип қатысты. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жиналған қауымды…

Read More