Автор: author

Бүгін 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні ел көлемінде «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты дәстүрлі «Менің Елім – Менің Туым» республикалық акциясын ресми түрде бастады. Акцияның басты мақсаты – Мемлекеттік Туға деген құрметті арттыру, елдік сана мен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, жастардың бойындағы патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті нығайту. Партияның «Жастар рухы» жастар қанаты бұл жобаны бірнеше жылдан бері үздіксіз ұйымдастырып келеді. Соңғы үш жылда республика аумағындағы жүздеген елді мекенде Мемлекеттік Ту ілініп, мыңдаған жас өз үндеуін елмен бөлісті. Биылғы акция аясында да еліміздің барлық өңірлерінде Мемлекеттік Ту орнату, түрлі патриоттық шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Аймақтарда бір мезгілде ту…

Read More

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде ҚР Еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің «Би керуені» жобасы аясында концерті өтті. Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, би ұжымын 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. «Би керуені» жобасы аясында өткен концерттік шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Мұрат Оспанов өз кезегінде бірқатар мамандарға алғыс хат табыстады. ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Түркістан қалалық Әйелдер алқысының төрайымы, биші Ұлжан Мұстафаева да алыстан ат терлетіп келген…

Read More

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау жұмыстарының 2025 жылға арналған бекітілген кестесіне сәйкес, 21 сәуірі мен 4 маусымы аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің дербес бөлімдерінде ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар аясында Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Нұржанұлы Әлібековтің төрағалығымен ішкі талдау нәтижелерін талқылауға арналған мәжілісі өтті. Жиынға жұмысшы топ мүшелері, қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы, қала әкімінің аппараты қызметкерлері, дербес бөлім басшылары және Түркістан қалалық мәслихатының депутаты қатысты. Мәжіліс барысында ішкі талдаудың алдын ала қорытындылары таныстырылып, анықталған мәселелерді жоюға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар берілді. Аппарат басшысы аталған ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, жиында мемлекеттік…

Read More

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 11,49 млн аса АҚШ долларына 97 615 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 6,70 млн астам АҚШ долларына 56 937 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 4,79 млн АҚШ долларына 40 678 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (6,55 млн жуық АҚШ долларына 55 539…

Read More

Елордада өткен жартылай марафонға рекордтық 8 мың адам қатысты. Жарысқа қатысу үшін Астанаға еліміздің барлық өңірінен және 30-дан астам елден арнайы марафоншылар келді. Биылғы бәсекеде қатысушылар 10, 21 шақырым, 10 шақырымға скандинавиялық жүріс, 21 шақырымға эстафета сайысында сынға түсті. Олардың арасында 2026 жылғы Милан және Кортина-д’Ампеццо қысқы Олимпиадасының лицензия иегерлері, шаңғышы Надежда Степашкина, Наиль Башмаков сынды белгілі спортшылар да жүгірді. Astana Half Marathon-ның осы жолғы жүгірісінің басты ерекшелігі – жүгіру маршруты ауысты. Әуесқой спортшылар стартты Тәуелсіздік алаңынан бастап, «Арқар» және Сығанақ-Мәңгілік Ел көпірлері арқылы мәреге жетті. Жол бойында олар қаланың ең сәулетті жерлері саналатын «Ақорда», Есіл жағалауы, «Бәйтерек», Abu Dhabi…

Read More

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысы және сектор аумағында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Қала әкімі тұрғындарға алдағы кезеңге жоспарланған жобаларды таныстырып, әрбір тұрғынның сауалына жеке-жеке жауап берді. Алдыңғы кездесулерде Шауғар секторына қатысты 28 мәселе тіркеліп, оның 17-сі орындалса, 11 мәселе жүзеге асу барысында. Маңызды мәселелердің бірі-  инфрақұрылым жүйесі қарқынды іске асырылуда.  Мәселен, ауыз сумен қамту деңгейін 99,5%-ға жеткізу мақсатында жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерге су жүйесін тарту және қайта құрудың 2-кезек жобасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 3200-ден астам…

Read More

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысы және сектор аумағында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған жобалармен таныстырып, тұрғындармен ашық диалог орнатты. Жиын барысында жергілікті тұрғындар жол сапасы мен қауіпсіздігі, тұрғын үй аулаларының тазалығы, ойын алаңшалары мен қоғамдық көлік қатынасы, инфрақұрылым сапасы сынды  мәселелерді көтерді. Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап беріп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар жүйелі түрде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда А.Жангелдин көшесінде жаңа ойын алаңшасын салу, Б.Майлин көшесіндегі…

Read More

В Шымкенте состоялась торжественная церемония проводов молодых солдат в войсковую часть 30212 Отарского гарнизона Вооруженных Сил РК. В городе с 1 марта по 30 июня проводится весенняя призывная кампания. В текущую весеннюю кампанию планируется отправить в армию более 1000 граждан. В мероприятии приняли участие начальник Департамента по делам обороны города, полковник Абдигабит Шегебаев, ветераны военной службы, родители и братья солдат. Полковник А. Шегебаев отметил, что служба в армии является священным долгом каждого гражданина, и пожелал молодым солдатам успехов. – Прохождение срочной воинской службы – большая честь для каждого мужчины. Из года в год растет мощь Вооруженных Сил Казахстана, повышается уровень…

Read More

Шымкентте ҚР Қарулы күштерінің Отар гарнизоны 30212 әскери бөліміне жас сарбазадарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Қалада 1 наурыз бен 30 маусым аралығында көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны жүргізілуде. Биылғы көктемгі науқанда 1000-нан астам азаматты әскер қатарына жіберу көзделген. Жиынға қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев, әскери саланың ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары, бауырлары қатысты. Полковник Ә.Шегебаев әскерге бару әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтіп, жас сарбаздарға сәттілік тіледі. – Мерзімді скери борышын өтеу – әрбір ер азамат үшін зор абырой. Жылдан жылға Қазақстан Қарулы Күштерінің қуаты артып, әскери дайындық деңгейі жоғарылап келеді. Отан қорғау – перзенттік парыз,…

Read More

Сейлбекова Күлімхан Каналбайқызы- З.Космодемьянская атындағы 23 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі. Педагог-шебер.Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері.Білікті ұстаздың шәкірттері қалалық,Республикалық,Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары.Бірнеше партриоттық әндердің авторы. Сабақ барысында «біртұтас тәрбие» ұлттық құндылықтарға басымдық беріп,оқушылардың сабаққа қызығушылығын одан әрі арттырады. Домбыра,фортепиано,сазсырнай,шаңқобыз аспаптарында еркін ойнайды. Қалалық,Республикалық семинарларда үздіксіз озық тәжірибесімен бөлісіп отырады. Соның бірі ҚР Оқу-ағарту Министрлігіне қарасты Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық авторлық бағдарлама негізінде тәжірибені тарату вебинарына қатысып,тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша жарық көрген ,,Өлкетану’’оқулығының музыка бөлімінің авторы. 2024 жылы оның «Музыка сабағында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдістері» атты авторлық бағдарламасы Республикалық Сараптамалық кеңесінен өтіп,мақұлданды. Ұстаздық…

Read More