М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен студент жастар арасындағы буллинг, кибербуллинг және сталкингтің алдын алуға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара жоғары оқу орнында қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды. Кездесу барысында студенттерге құқықтық және психологиялық қолдау көрсету, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жастарды заманауи қауіп-қатерлерден қорғау тетіктері түсіндірілді. Қатысушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жан-жақты таныстырылып, буллинг пен кибербуллингке тап болған жағдайда жүгіну жолдары айтылды. Іс-шараға заң, педагогика, психология және спорт саласының білікті мамандары қатысып, буллингтің алдын алу, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік, өзара сыйластық пен ашық диалогтың маңызы туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Сонымен қатар, студенттер мен оқытушыларға…
Автор: author
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөйлеген сөзінде еріктілер қозғалысының қоғамдағы орны мен маңызын айрықша атап өтті. Президенттің айтуынша, ерікті болу – тек қоғамдық жұмыс емес, бұл Отаныңа адал қызмет ету мен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Президент форумға еліміздің барлық өңірінен жиналған жастарды Қазақстанның нағыз отаншыл, жасампаз және қамқор азаматтары деп бағалады. Оның сөзінше, ниеті түзу, жаны таза жандар ғана еріктілік жолын таңдайды. Сондықтан волонтерлерді озық ойлы қоғамның айнасы деуге толық негіз бар. Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия мен табиғи апаттар кезінде еріктілердің ерекше белсенділік танытқанын еске салды. Мыңдаған волонтер дәрігерлерге, мұғалімдерге, тәртіп сақшыларына және мұқтаж азаматтарға көмек көрсетіп, ел бірлігінің…
Волонтерлер форумында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі еріктілер қозғалысының даму қарқынына тоқталып, нақты деректер келтірді. Президенттің айтуынша, 2020 жылы 50 мың болған волонтерлер саны бүгінде 300 мың адамға жеткен. Сонымен қатар, қоғамдық пайдалы іспен айналысатын ұйымдардың қатары 800-ден асты. Қазіргі таңда Қазақстанда бір ұлттық және жиырма аймақтық фронт-офис табысты жұмыс істеп тұр. Волонтерлер экология, білім, мәдениет және әлеуметтік салада маңызды бастамаларды жүзеге асыруда. Мемлекет басшысы «Жас ағаш», «Эко бақылау», «Білім волонтерлері» секілді жобалардың ел үшін маңызы зор екенін атап өтті. Президент волонтерлік қызметке заманауи технологияларды енгізу қажеттігін айтып, волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты толық қолдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша,…
Мемлекет басшысы Волонтерлер форумында экологиялық мәдениет пен қоғамдық сананы қалыптастырудағы еріктілердің рөліне ерекше тоқталды. Президенттің айтуынша, экологиялық мәдениет – өркениетті қоғамға тән аса маңызды құндылық, ал волонтерлер бұл бағытта нақты істер атқарып келеді. Өткен жылы еріктілер «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 1300-ден астам іс-шараға қатысып, елді мекендерді көркейту мен табиғатты қорғауға үлес қосты. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби эковолонтерлерді даярлап, әр өңірде тұрақты ұжымдар құрудың маңызын атап өтті. Президенттің пікірінше, «Таза Қазақстан» қозғалысы ұлттық идея деңгейіне көтерілуі тиіс. Форум барысында Мемлекет басшысы халықаралық волонтерлік ықпалдастықты кеңейту қажеттігін де айтты. Қазақстан БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және ТМД аясында еріктілер қозғалысын дамытуға белсенді қатысып келеді.…
Шымкент қаласында 200 төсек-орынға арналған жаңа қалалық №2 перинаталдық орталықтың құрылысы ресми түрде басталды. Ақжайық шағынауданындағы болашақ нысанның құрылыс алаңында капсула салу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Салтанатты рәсім барысында мегаполис басшысы жобаның әлеуметтік маңыздылығын және қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы рөлін атап өтті. «Заманауи перинаталдық орталықтың құрылысы – болашақ ұрпақтың денсаулығына салынған инвестиция. Біздің басты міндетіміз – аналар мен жаңа туған нәрестелер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасап, сапалы және жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету», – деді Ғабит Сыздықбеков. Айта кетейік, жоба Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып, ана мен баланы қорғау…
Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы зор ірі жоба – паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт түрлеріне арналған заманауи спорт кешенінің құрылысы басталды. Болашақ нысанның орнында символикалық капсула салу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Іс-шара барысында мегаполис басшысы инклюзивті спорт инфрақұрылымын дамытудың және қала тұрғындары үшін тең мүмкіндіктер қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. «Бұл кешен спорт нысаны ғана емес, ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін мүмкіндіктер кеңістігіне айналады. Біздің міндетіміз – қолжетімді орта қалыптастырып, белсенді өмір салтын ұстануды қолдау және Шымкент пен еліміздің атын халықаралық аренада абыроймен қорғайтын спортшыларды даярлауға жағдай жасау», – деп атап өтті Ғабит Сыздықбеков. Айта кетейік, спорт кешенінің жалпы аумағы…
Шымкент қаласында Көксәйек ауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында қалалық ортаны жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тозығы жеткен үйлердің тұрғындарын реновация бағдарламасы бойынша жаңа, жайлы үйлерге көшіру. Айта кетейік, бағдарлама басталғалы бері 102 отбасы қоныс аударды. Тұрғындарға Шымкент Сити және Тұран шағынаудандарынан заманауи пәтерлер берілді. Барлық пәтер толық әрленген, бұрынғы үйлеріндегі бөлме санына толық сәйкес келеді және қоныстануға дайын. Бүгін Нұрлыбаев көшесі, №13 үйде тұрған 8 отбасы жаңа пәтерлерінің кілтін алды. Кілт табыстау рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы жаңа қоныс иелерін маңызды оқиғамен құттықтап, отбасыларына…
В Шымкенте в рамках Концепции модернизации района «Зелёная балка» реализуется комплекс мероприятий по улучшению городской среды и повышению качества жизни жителей. Один из ключевых этапов Концепции — переселение граждан, проживавших в ветхих домах, в новое благоустроенное жильё по программе реновации. Отметим, с момента её старта уже переселены 102 семьи. Жителям предоставили современное жильё в микрорайонах «Шымкент Сити» и «Туран». Все квартиры с чистовой отделкой, полностью соответствуют по количеству комнат ранее занимаемым и готовы к заселению. Сегодня ещё восемь семей, ранее проживавших по адресу улица Нурлыбаева, 13, получили ключи от новых квартир. В церемонии вручения принял участие аким города Габит…
Шымкент қаласының Достық үйінде қалалық Ассамблея жастарының кезекті отырысы өтті. Жиынға белсенді жастар, қоғамдық ұйым өкілдері және Ассамблея жастарының мүшелері қатысты. Отырыс барысында Қызылорда қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында көтерілген ел дамуының басым бағыттары, ұлттық бірегейлікті сақтау, жастар тәрбиесі мен қоғамдық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Аталған бағыттар Ассамблея жастарының алдағы жұмысына стратегиялық бағдар ретінде айқындалды. Сонымен қатар, Ассамблея жастарының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылып, жыл бойына жүзеге асырылатын негізгі жобалар мен қоғамдық іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізілді. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі ретінде 2026 жылғы ақпан айына жоспарланған іс-шаралар талқыланып, олардың мазмұны мен форматы пысықталды. Жиын аясында қоғамдық тұрақтылық пен…
Шымкент қаласында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламалары жүйелі жүзеге асырылуда. Баспана кезегінде тұрған 23 отбасы бүгін Асар-2 шағынауданында жалға берілетін пәтерлердің кілтін алды. Бұл жаңа үйлер қаланың коммуналды тұрғын үй қорынан беріліп отыр. Қоныстанушылардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар бар. Пәтер кілттерін салтанатты табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы жалға берілетін үйлер қорын кеңейту және азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету қалада атқарылып жатқан басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Баспанамен қамтамасыз ету белгіленген рәсімдер мен заңнама талаптарын сақтай отырып,…
