Автор: author

Қасым-Жомарт Тоқаев Уттар-Прадеш штатының Хатрас қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты. – Уттар-Прадеш штатында өткен діни жиын кезінде көптеген адамның бастырылып, қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Read More

Астанада «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Cаммиті аясында Қазақстан-Қытай бірлескен іскерлік кеңесі өтті. Биыл 7-ші рет өтіп жатқан кеңеске Қытайдың өнеркәсіп саласындағы алпауыт компаниялары қатысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің өзара іскерлік байланысы екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайта түсуде. Бүгінде Қазақстан-Қытай іскерлік Кеңесі Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бизнес-топтарының өкілдері үшін диалог алаңы, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың маңызды құралына айналған. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, маңызды келіссөздер жүргізді. Іс-шара қорытындысы бойынша қытайлық бизнесмендермен жалпы құны 1 млрд. 615 млн АҚШ долларын құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба бойынша…

Read More

Биыл Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығы аясында Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ федерациясының қолдауымен тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» атты турнир өтті. Мақсаты – мәслихаттардың 30 жылдығын атап өту. Сонымен қатар V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау және ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақ спортын дәріптеу. Турнирдің ашылу салтанатына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары М.Тұрысбеков, Қ.Жантөреева, И.Намазбаева, Б.Шойбеков, Е.Хандиллаев және барлық деңгейдегі депутаттар, мәслихат аппаратының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, әуесқой ойыншылар және блогерлер, саяси қайраткерлер, қоғам белсенділері қатысты. Қазақстан Мәслихаттарына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған облыстық турнирді, облыстық мәслихат төрағасы құттықтау сөз сөйлеп,…

Read More

Түркістан облысының тұрғындарына жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Облысқа қарасты Кентау қаласында балалар ойын алаңшасының құрылысы қарқын алды. Ойын алаңшалары қаладағы Шүлембаев № 8, 10 және Т.Рысқұлов № 5, 7, 9, «Шахтерская» көшелерінің аумағына салынуда. Құрылыс жұмыстарын қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланған. Бұдан бөлек, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 120,7 млн теңгеге 2 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балаларға арналған спорттық ойын алаңшалары орнатылады. Сонымен қатар, қала аумағында 9 көпқабатты тұрғын үй аулаларына асфальт жабындысын төсеу және автотұрақтар салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, биыл Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында демеушілер есебінен 2 балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Жалпы, Кентау…

Read More

Түркістан облысын дамыту бағытында өңір тұрғындарының ұсыныс-пікірлері ескеріледі. Аудан, қала мәселелерін анықтауға және заңсыздықтарды жоюға тұрғындар белсене атсалысып жатыр. Осы ретте, облыс басшысы Дархан Сатыбалды мен оның орынбасарлары кестеге сәйкес жергілікті тұрғындарды жеке қабылдауда. Бұл жолы тұрғындардың мәселесін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тыңдады. Жеке қабылдауда білім, балабақша, денсаулық, жұмыспен қамту саласына қатысты сан түрлі мәселе көтерілді. Мәселен, Сауран ауданынан келген азамат мектеп директорын ротациялау мәселесін көтерді. Жетісайлық кәсіпкер жекеменшік балабақшасының мәселесін қозғады. Оған мониторинг тобының хаттамасына сәйкес кемшіліктерді жою керек екендігі түсіндірілді. Арыс қаласының тұрғыны аурухана дәрігерлерінің біліктілігіне шағымданып, медициналық мекемені КТ аппаратымен қамтуды сұрады. Айта кетейік, қазіргі уақытта облыс…

Read More

Бүгін Түркістанда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Бабалар үні» атты этнос өкілдері арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айтудан байқау өтті. Байқауды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ұлттық өнерді ұлықтаған додаға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары және мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың төрағалары және мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты — Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын жүзеге асыруға, талантты жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету, өңірдің мәдени имиджін көтеруге атсалысу сондай-ақ, этнос өкілдеріне қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнерін…

Read More

Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы археологиялық мұражай паркін құрудың жалғасы ретінде заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысандар салынады. Қызықты әрі маңызды жоба жан-жақты талқылануда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшылар мен мердігер компанияға бірқатар тапсырма берді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстағы сәулеттік жобалар талқыланған жиын өтті. Жиында өңір басшысы әрбір нысанның құрылысы талапқа сай, сапалы әрі сәнді жүргізілуі тиіс екенін ескертті. Сонымен бірге жаңа нысандардың қасбетінде ұлттық нақыштың ұмытылмауын, тарихи әрі туристік нысандарда тұтас бір үйлесімділік болуы керектігін айтты. Күлтөбе қалашығы ежелгі Яссы қаласының бір бөлігі болған. Жоба мемлекетпен айрықша қорғалатын аумақта, ЮНЕСКО…

Read More

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының кезекті туры өтті. Түркістанның «тұран» командасы соңғы кездері жеңілмей жүрген «Атырау» клубымен кездесті. Сарапшылар бұл матчта атыраулықтар басым түседі деп болжаған. Бірақ түркістандықтар барлық мәселе жасыл алаңда шешілетінін дәлелдеді. Ойынның 14-минутында Цуцкич есеп ашып алаң иелерін алға шығарды. Ал 45-минутта Бен Чуг есепті еселейтін мүмкіндіктті мүлт кетірді. Ол пенальти соға алмады. Екінші таймда атыраулықтар ойын тізгінін қолға алып жиі шабуылдады. «Тұран» сәтті қорғана отырып, қарымта шабуылдарға шықты. Кездесудің 96-минутында Вака есепті 2:0-ге жеткізді. Қонақтар соңғы секундтарда бір доппен жауап қайырып, ойын 2:1 есебімен аяқталды. Осы маңызды жеңістен кейін «Тұран» ұпай санын 12-ге жеткізді.

Read More

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы басталды. Атап айтқанда 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт салынады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында баяндалды. Облыс әкімінің орынбасары денсаулық сақтау саласындағы жұмыстарды жандандыру керектігін айтып, кейбір нысандарда құрылыс жұмыстарын тездетіп, ғимараттардың сапалы салынуын қадағалауды тапсырды. – Түркістан облысы үшін денсаулық сақтау саласын дамыту ең маңызды мәселе болып отыр. Жалпы өңірде медициналық орталықтардың жетіспеушілігі шешу маңызды. Кейбір ауылды аймақтарда денсаулық нысандарының жоқтығы анықталған.…

Read More

Созақ ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері мен белсенді жастардан бөлек, елді мекен тұрғындары да жұмыла атсалысуда. Бүгін аудандағы Шолаққорған ауылдық округіне қарасты Жеткіншек елді мекенінің тұрғындары тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, акцияға әрқашан үлес қосуға дайын екендерін жеткізді. Тазалық жұмыстарына тұрғындармен бірге аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов пен ауылдық округтің әкімі Әділ Елібаев қатысып, шараға қолдау білдірді. Жергілікті қауымдастықтың мүшесі Мадияр Бақытжан барлық тұрғындарды көше бойы мен өз аулаларын таза ұстауға шақырды. Экологиялық акция аясында ұйымдастырылған жұмыстар барысында елді мекендегі аяқжолдар мен көше бойлары ретке келтіріліп, арамшөптер оталды. Жұмыстарға 2 арнайы техника жұмылдырылды. Ұзындығы 5,9 шақырымды…

Read More