Автор: author

Түркістанға Корея халықаралық сауда қауымдастығының басқарма төрағасы Юн Джин Сик жұмыс сапарымен келді. Кореяның ең алпауыт компанияларының басын біріктіріп отырған KITA қауымдастығының төрағасымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы кездесіп, келіссөз жүргізді. – Біздің елдің Корея халқына деген ілтипаты, көзқарасы өте жақсы. Өйткені бұрыннан тарихи байланыс орнаған. Сіздер жақтан келетін инвестицияны жылы қарсы алады әрі қолдайды. Түркістан – түркі әлемінің орталығы, тарихи өлке. Қазіргі таңда Түркістан облысы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің және үлкен инвестициялық әлеуетке ие. Біздің өңір – Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі. Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа…

Read More

Теміртау қаласында академиялық есуден ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Дүбірлі сынға еліміздің 5 өңірінен 110 мықты спортшы қатысты. Ел чемпионатында Түркістан облысының спортшылары өте сәтті өнер көрсетіп, 33 медаль жеңіп алды. Нақтырақ айтсақ, түркістандықтар 24 алтын, 5 күміс және 4 қола жүлде еншіледі. Осылайша, Түркістан облысының су спорты түрлері мектебінің өрендері сенімді ақтады. Әртүрлі бағдарламалар бойынша чемпион атанғандар: M1x – Яковлев Владислав W1x, W2x, W4x – Жакупова Мелани LM1x, M2x – Афанасьев Александр M2-M4 – Чернухин Иван, Галкин Владислав W2-W4 – Волкодавова Валентина, Лебедева Мария LM2x, LM4x – Керімбек Әділет LW2x – Кеңес Роза М4х – Яковлев Владислав, Афанасьев Александр…

Read More

Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы атануына орай «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі басталды. Этноауылда ашылу салтанаты өтіп, көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды Алғаш болып фестиваль шымылдығын Сайрам ауданының көркемөнерпаздары ашты. Этноауылда суретшілер мен қолөнер шеберлерінің және ауданның жетістіктері туралы көрмелер ұйымдастырылды. Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа байланысты көріністер сахналанды. Содан соң дәстүрлі және халық әндері шырқалды. Ал аптаның сенбі күні «Керуен сарай» туристік кешені аумағында гала-концерт өткізу жоспарланған. Осыған орай сайрамдық өнерпаздар әуезді ән мен би билеп, Түркістан кешін көңілді етті. Атап айтқанда, Нұршат Мұсырманқұл, Асқар Нұрсұлтан, Жастар квинтеті, № 1 Сайрам балалар саз мектебінің «Жетігеншілер» триосы, Аяла Айдарқызы, Сәбден Байбөрі,…

Read More

Түркістан облысы бойынша аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы күрес «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» болжамымен 260 мың гектардан астам алқапқа жүргізілді. Марокко шегірткесінің дернәсілдері бойынша жалпы аумағы 715,18 мың га алқап толық зерттелген. Алайда өңірде зиянкестердің 50 мың гектардан астам таралу учаскелері анықталды. Қосымша өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық жедел штаб отырысын өткізген вице-премьер Серік Жұманғарин өңірлердегі жағдайға қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік инспекция комитетіне барлық рәсімдік мәселелерді дереу аяқтауды және барлық қажетті техниканы аталған өңірлерге жіберуді тапсырды. Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде баяндалды.…

Read More

2014 жылы іске қосылған «Серпін-2050» бағдарламасы он жыл ішінде талай жастың жоғарғы оқу орнына түсуіне септігін тигізген ауқымды жоба. Биылғы жылы да еліміздің халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерінен солтүстіктегі облыстарға білім аламын деушілерге 4 мың грант бөлініп отыр. Қазіргі таңда бағдарламаны түсіндіру мақсатында Түркістан облысында «Жоғары білім» атты көрме өтіп жатыр. Шараға мектеп түлектері қатысып, еліміздің теріскейіндегі 23 жоғарғы оқу орнының бірінде студент атануына мүмкіндігі бар. Оқу гранттарының 2 500-ден астамы — педагогика бағытында болса, 700-ге жуығы — инженерлік өңдеу және құрылыс саласы. Сонымен қатар, 300 грант — IT саласына бөлінсе, 70-ке жуық грант — ауылшаруашылығы және биоресурстар бағытында. Айта кетейік,…

Read More

Бүгін Түркістанда 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған облыстық патриоттар форумы өтеді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, көпшілікті келе жатқан айтулы күнмен құттықтады. – Халықтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастырып, санасына сіңіру – баршамыздың азаматтық борышымыз ғана емес, басты жауапкершілігіміз. Дәл осы мерекеге орай, дәстүрлі түрде өткізіліп отырған облыстық Патриоттар форумында нағыз үздіктер марапатталғалы тұр. Сіздердің жетістіктеріңіз әрбіріміз үшін зор мақтаныш екені даусыз! Патриотизм – өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі екені барлықтарыңызға белгілі. Мемлекеттік рәміздеріміз өз тұғырынан түспей, еліміз…

Read More

Бүгін Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев және өзге де құқық қорғау органдарының басшылары, аудан, қала әкімдері қатысты. Күн тәртібінде 4 мәселе талқыланды. Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен оған бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысын талқылау және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасалды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Нұрлан Құдайбергенов саладағы өзекті мәселелерді қозғады.…

Read More

Түркістан облысындағы жазғы сауықтыру лагерлері бірінші ауысымға оқушылар қабылдап үлгерді. Алғашқы онкүндікте жоғарыда аталған лагерлерде 2464 бала 1 ауысымға қабылданып, сауықтырылуда. Оның ішінде «Қазақстан халқына» қорының есебінен Түлкібас ауданындағы «Машат-Арасан» сауықтыру лагеріне 8 ауданнан 400 бала, Маятас ауылындағы «Гавая» лагеріне 3 ауданнан 250 бала тегін жіберілді. Сондай-ақ Түлкібас пен Төлебидегі лагерлерде облыстағы 2 отбасылық үлгісіндегі балалар ауылындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 152 тәрбиеленуші жаз бойы демалады. Тәртібі бойынша мектепішілік және полиция есебінде тұратын оқушылар Төлеби ауданында орналасқан «Тау барысы» лагерінде шатырлы лагермен қамтылады. Жаз айларында 266 оқушы басқа облыстардағы «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру лагерлерінде тынығады. Бірінші ауысым 1-10 маусым…

Read More

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып, тұрғындардың экологиялық сауатын көтеру, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған іс-шаралар жүйелене түседі. Бүгін осы мәселеге байланысты Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен кезекті мәжіліс өтті. Маңызды жиынға Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ерлан Исабеков, Полиция, Экология департаменттерінің басшылығы, аудан, қала әкімдері мен экобелсенділер қатысты. Өңір басшысы «Таза Қазақстан» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар әкімдердің қызметін бағалауда назарға алынатынын жеткізді. – Біз «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жалғастырамыз және апта сайын пысықтап отырамыз. Бұл – Президенттің бастамасымен қолға алынған іс. Сондықтан оның маңызын әрбір әкім, әрбір мемлекеттік қызметкер терең сезініп, оны тұрғындарға жеткізе білулері керек. Әріптестер, «Таза Қазақстан» акциясы…

Read More

Түркістан облысында мемлекеттен бөлінетін қаржыдан тыс, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында, «Қамқорлық» бағдарламасы әзірленіп, жоба аясында қарқынды жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде анықталған отбасының әрқайсысына материалдық көмек пен қажетті кеңес беретін арнайы жетекші мамандар тағайындалып, демеушілер есебінен олардың жағдайын қанағаттанарлық деңгейге жеткенше көмек көрсету көзделген. 2022-2023 жылдар аралығында аталған бағытта тиісті жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 4,5 мың отбасы 1,4 млрд.теңге көлемінде демеушілік көмекпен қамтамасыз етілді, оның ішінде баспанасыз жүрген 109 отбасы, тұрғын үймен қамтылды. Бұл бағдарлама 2020 жылдың қаңтар айында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, заңнамада көрсетілген талаптарға сай келмей, мемлекеттен көмек ала алмай жүрген, өмірлік қиын жағдайға тап болған…

Read More