Автор: author

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында білім ошақтарының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Сарыағаш ауданында осы бағытта 10 мектеп салу жоспарланған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында «Телемұнара» шағынауданындағы 900 орындық білім ошағының құрылыс алаңына барды. Мердігерлермен кездесіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Нақты міндеттер жүктеді. – Білім сапасын көтеру, мектеп тапшылығын жою – маңызды іс. Жауапкершілікпен жұмыс істеңіздер. Ешқандай кемшілік, қателік болмауы тиіс. Құрылысқа қосымша қаражат қаралмайды. Құрылыс қатаң қадағалауда тұр, – деді Дархан Сатыбалды. Құрылыс нысанында қазіргі уақытта 80 адам жұмыс істеп жатыр. Жертөле қабырғалары құйылып, жабын қабаттарының темір бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде. Сарыағаш ауданында…

Read More

Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы жаппай күрес айы басталды. Жиын халықаралық нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған. Шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов арнайы қатысты. «Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ!» ұранымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы айлық іс-шарасы басталды. Облыс жастары мен балалар арасында есірткіге қарсы иммунитет және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы шараның маңыздылығы бөлек. Еліміздің өркендеуіне, дамыған елдердің қатарына қосылуына және денсаулығы мықты елді қалыптастыру жолында және киелі қаламыздың дамуына аянбай еңбек етіп, баршаңызды Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырамын», деді Бейсенбай Тәжібаев. Облыста 2024 жылдың 4 айында есірткінің…

Read More