Түркістан облысында мемлекеттен бөлінетін қаржыдан тыс, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында, «Қамқорлық» бағдарламасы әзірленіп, жоба аясында қарқынды жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде анықталған отбасының әрқайсысына материалдық көмек пен қажетті кеңес беретін арнайы жетекші мамандар тағайындалып, демеушілер есебінен олардың жағдайын қанағаттанарлық деңгейге жеткенше көмек көрсету көзделген. 2022-2023 жылдар аралығында аталған бағытта тиісті жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 4,5 мың отбасы 1,4 млрд.теңге көлемінде демеушілік көмекпен қамтамасыз етілді, оның ішінде баспанасыз жүрген 109 отбасы, тұрғын үймен қамтылды. Бұл бағдарлама 2020 жылдың қаңтар айында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, заңнамада көрсетілген талаптарға сай келмей, мемлекеттен көмек ала алмай жүрген, өмірлік қиын жағдайға тап болған…
Автор: author
UFC тұжырымының жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Махачев UFC 302 турнирінен кейінгі жеңісінен соңғы жартылай орта салмақтағы чемпиондық белдеу үшін жұдырықтасуға ниеті бар екенін мәлімдеді. UFC тұжырымының жеңіл салмақтағы чемпионы, дағыстандық Ислам Махачев Шавкат Рахмонов өнер көрсететін салмақтың чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасуға ниетті. Ол UFC 302 турнирінің басты жекпе-жегінде чемпиондық белбеуін Дастин Порьеге қарсы қорғап, 5 раундта қылқындыру әдісімен жеңді. Ислам бұл жеңісінен кейін жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізіп, сол белбеуді жеңіп алу арманы екенін айтты. Чемпиондық белбеуін үшінші рет сәтті қорғаған Махачев мансабындағы жиырма алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Айта кетейік, Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтың рейтингінде 3-орында…
Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша суармалы жердің жалпы көлемі — 552 мың гектар. Өңір республикада егін егу саласында алдыңғы қатарда. Жыл сайынғы су тапшылығы мәселесі биыл оң шешімін тауып отыр. Қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК ТФ мекемесі арқылы ағын сумен 332 мың гектар егіндік жер қамтамасыз етіледі. Бүгінде филиалдың су нысандары арқылы егістікті суғаруға бөлінген ағын су көлемі — 871,06 млн текше метр құрап отыр. Бұл жайында «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев брифингте мәлімдеді. «Қазсушар» РМК тарапынан 2024 жылғы егіндікті суғару маусымына дайындық барысында былтыр арнайы техникаларымен жалпы ұзындығы 616 шақырымды құрайтын 204 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, биыл…
Сайрам ауданы аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері күніне орай «Көк тудың желбірегені» дәстүрлі жалпыұлттық акциясы өтті. Барша Сайрам ауданы тұрғындарын патриоттыққа және мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақырған іс-шараға аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мамандары атсалысты. Аталған акция барысында аймақтағы еңбектеген баладан бастап егде жастағы қарттарымызға көк байрақтарымыз таратылып берілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін көпшілікке кеңінен насихаттау арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға, ұлттық нышандарына деген зор құрметпен, ұлттық рух тұрғысында ыстық ықыласпен қарауға, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуға бағытталды. Айта кетейік, тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері 1992 жылғы 4 маусымда алғаш рет бекітілді. Бүгінде еліміздің біртұтастығын бейнелейтін Мемлекеттік Ту,…
Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласының сәулетін жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Шаһардың келбетін одан әрі көркейтуге тұрғындар да өз үлесін қосады. Осыған қатысты қоғамдық талқылау өтеді. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Облыс әкімі жауапты сала басшыларымен жоба барысын талқылады. Өңір басшысының төрағалығымен облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан және енді жүзеге асатын жобалардың сәулетіне қатысты талқылау өткізілді. Оған сәулетшілер, жауапты басқарма басшылары, қала әкімдігі мен өзге де мекемелерден өкілдер қатысты. Түркістанның бірыңғай қайталанбас сәулет стилі бар. Салынып жатқан жаңа нысандар мен тұрғын үйлердің қасбеттері белгіленген талапқа сай бой көтеруде. Жеке кәсіпкерлерден тұрғын үйлер мен инвестициялық жобаларды…
Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындаудың «Әңгімелесу» кезеңі тікелей эфирде өтті. Ашықтық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қолға алған бастама өз нәтижесін беруде. Қатысушылар мен оқырмандар арасында түсінбеушілік жойылып, конкурс ашық түрде қорытындыланды. 4 сағатқа жуық өткен конкурсты әлеуметтік желіде тамашалаған оқырмандар қатары жағымды пікір қалдырып, әріптестеріне сәттілік тілеген. Бірде бір жағымсыз пікір жазылмаған эфир көптің көңілінен шығып, сеніміне кірген. Бұл жолғы әңгімелесу кезеңінде 26 білім беру мекемесіне 29 үміткер қатысып, білім саласына қатысты түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап берді. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін бір бақылаушы алдын ала өтініш жазып,…
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу туралы қаулыға қол қойды. Заң жобасы Мемлекет басшысының Түркістан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленді. Құжат Түркістанның Қазақстанның рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде қалыптасуы мен дамуының, сондай-ақ оның мемлекеттік маңызын танудың құқықтық негіздерін белгілейді. Заңның қабылдануы қаланың тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштері мен объектілерін, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бүкіләлемдік мұра объектісі ретіндегі қорғау аумағында орналасқан ескерткіштерді, басқарудың, сақтаудың, олардың тұтастығын қолдаудың оңтайлы жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, кесене аумағында ғылыми археологиялық зерттеулер мен ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жоспарлау мен басқаруға мүмкіндік жасайды.…
Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округінде автоматтандырылған «Тоболино» АГТС газ тарату станциясы іске қосылды. Енді аудандағы елді мекендерді газдандыру жұмысы жанданбақ. Аудан әкімі Арман Абдуллаев газ тарату станциясын іске қосу шарасына қатысты. Былтыр қараша айында магистральды газ құбырына үрлеу, қысымдау жұмыстары жүргізілген болатын. Ал дәнекерлеу жұмыстары биыл аяқталып, «Тоболино» АГТС-на «Интергаз» магистральды құбырынан табиғи газ жіберілді. Ендігі кезекте аталған АГТС-ке қарасты елді мекендердің 4 796 абоненті, қосымша 89 коммерциялық және 15 әлеуметтік нысан газға қол жеткізеді. Одан бөлек, Ақжар ауылдық округінен 300 абонент қосылса, Атамекен елді мекенінен 235 абонент табиғи газға қол жеткізеді.
Қазығұрт ауданында екі қабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл бастау алған баспана жеке инвестор есебінен салынуда. Жергілікті тұрғындарды тұрғын үймен қамту үшін қолға алынған жобаның жұмысымен аудагға іссарармен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды танысты. Облыс басшысы сапаны басты назарда ұстауды тапсырды. 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін ауданның жер қорынан жалпы 2 гектар жер телімі бөлінген. Былтыр ауданда баспана кезегінде тұрған 40 отбасы баспаналы болған. Іссапар барысында аймақ басшысы Дархан Амангелдіұлы сондай-ақ Қазығұрт ауданы Қақпақ ауыл округіндегі «Қарқын 2030» ЖШС кәсіпорнының мал сою цехының жұмыстарымен танысты. Заманауи мал сою цехы жобасының құны — 1,1 млрд теңге. Тәулігіне 167…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті сапарында Қазығұрт ауданындағы тұрғындарымен кездесті. Кездесуде мәселелер ашық айтылып, шешілу жолдары қарастырылды. Өңір басшысы тұрғындарды ашық сұқбатқа шақырып, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдап, облысты дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Қазығұрт ауданындағы әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту жолындағы жұмыстарға тоқталып, жоспарларды атап өтті. – Осындай кездесудің басты мақсаты– Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын» іске асыру. Сіздердің ой-пікірлеріңізді естіп, ауданды әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстарыңызбен танысу біз үшін өте маңызды. Ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қазығұрт ауданында 2023 жылы 10 елді мекенде 35 жобаны іске асыруға 1,7 млрд. теңге бөлінді. Мемлекет басшысы мектептерді жоғары…
