Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ
  • «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР?
  • ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
  • ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ
  • ТІЛМЕН ТОҒЫСҚАН ТАҒДЫРЛАР
  • ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
  • ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУЫР АТЛЕТТЕР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ПЫСЫҚТАДЫ
  • ШЫМКЕНТТЕ 405 МЫҢ ОҚУШЫ ҮШІН ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ БАСТАЛДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ 405 МЫҢ ОҚУШЫ ҮШІН ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ БАСТАЛДЫ
Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ 405 МЫҢ ОҚУШЫ ҮШІН ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ БАСТАЛДЫ

authorBy author1 сентября, 2026Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкентте жаңа оқу жылында мектеп партасына 405 мыңға жуық оқушы отырды. Оның шамамен 29 мыңы – мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер.

Білім күніне арналған негізгі салтанатты жиын Теріскей шағынауданындағы жаңартылған №46 мектеп-лицейде өтіп, оған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Биылғы 1 қыркүйек «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбына арналды. Мерекелік жиын Мемлекеттік Туды көтеріп, Әнұранды орындаудан басталды.

Қала әкімі білім сапасын арттыру, цифрландыру мен жасанды интеллектті меңгеру, сондай-ақ жастарға сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Білім беру инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары да жалғасуда. Соңғы екі жылда Шымкентте 13 жаңа мектеп салынды. Биыл 7 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізіліп, 6 мектепке қосымша ғимараттар салынды.

№46 мектеп-лицейде биыл 478 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді. Ғимараттың қасбеті, шатыры, спорт залы мен жертөле бөлігі толық жаңартылды. Екі ауысымда білім алатын мектепте шамамен 2 700 оқушы бар. Биыл бірінші сыныпқа 218 бала қабылданды.

Білім күні аясындағы іс-шаралар тәрбие мен ұлттық құндылықтарға басымдық бере отырып, артық шығынсыз ұйымдастырылды. Салтанатты жиындардан кейін оқушылар үшін Конституция құндылықтары мен жалпыұлттық жобаларға арналған бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ

11 сентября, 2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР?

10 сентября, 2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

8 сентября, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.