Шымкент қаласындағы Абай атындағы орталық кітапханада қазақтың көрнекті опера әншісі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған «Ермек Серкебаев – опера өнерінің дүлдүлі» атты әдеби-әуенді кеш өтті.
Рухани шараны Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі ұйымдастырды. Кештің мақсаты – қазақтың кәсіби опера өнерінің дамуына зор үлес қосқан әйгілі әншінің өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, кейінгі ұрпаққа өнер жолындағы өнегесін таныту.
Кеш барысында Ермек Серкебаевтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы сыр шертіліп, оның қазақ өнеріндегі орны кеңінен сөз болды. Қатысушылар әншінің сахнадағы жарқын бейнесі мен ұлттық музыка мәдениетіне қосқан үлесіне тоқталды.
Әдеби-әуенді кеш өнер тарланының рухани мұрасын ұлықтап, қазақ опера өнерінің тарихына қызығушылықты арттырған тағылымды шара болды.
Trending
- «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ
- «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР?
- ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
- ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ
- ТІЛМЕН ТОҒЫСҚАН ТАҒДЫРЛАР
- ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
- ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУЫР АТЛЕТТЕР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ПЫСЫҚТАДЫ
- ШЫМКЕНТТЕ 405 МЫҢ ОҚУШЫ ҮШІН ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ БАСТАЛДЫ

