Бүгінгі таңда Түркістан қаласында ғылым мен білім саласын кешенді дамыту өңірлік және ұлттық деңгейдегі ең маңызды стратегиялық бағыттардың біріне айналып отыр. Қазіргі уақытта рухани астананың ғылыми-интеллектуалды әлеуетін арттыру, жоғары білім сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мақсатында ауқымды бастамалар мен жүйелі жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Түркістан қаласындағы негізгі білім мен ғылым орталығы – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті болып табылады. Бұл жоғары оқу орны тұтас оңтүстік өңірде жоғары білім беру мен ғылыми зерттеулерді дамытудың басты көшбасшысы саналады және соңғы жылдары мұнда ғылыми-академиялық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында пәрменді де нақты шаралар қабылданған.
Түркістан қаласы – тереңнен тамыр тартатын өркениеттер тоғысқан, еліміздің тарихы мен руханиятында айрықша орын алатын ерекше аймақ. Осы тарихи сабақтастықты сақтай отырып, Ясауи университеті өңірдің ғылыми әлеуетін арттыруда бірқатар қомақты жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Әсіресе, 2026 жылы университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен дамыту, білім беру процесінің сапасын көтеру, сондай-ақ халықаралық академикалық рейтингтердегі позициясын нығайту мақсатында қосымша кешенді шаралар қолға алынды. Мұндай жүйелі жұмыстардың айқын көрінісі ретінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін, яғни магистратура мен докторантура бағдарламаларын кеңейтуді айтуға болады. Мәселен, 2026 оқу жылында Ясауи университеті магистратура мен докторантураға студенттерді қабылдау көрсеткіштерін айтарлықтай арттырды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, өткен кезеңдермен салыстырғанда докторантураға қабылдау екі есеге, ал магистратураға қабылдау 1,5 есеге көбейген. Бұл көрсеткіштердің айтарлықтай өсуі өңірдегі фундаменталды әрі қолданбалы ғылыми зерттеулердің ауқымын кеңейтуге, жоғары білікті жас ғалымдар мен сарапшы зерттеушілердің жаңа буынын дайындауды сапалы түрде жақсартуға тікелей ықпал етуде. Сонымен қатар, университетте заман талабына сай жаңартылған магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларының саны да ұлғайды, бұл жас ізденімпаздар үшін шетелдік ғылыми мектептермен тәжірибе алмасуға және пәнаралық зерттеулер жүргізуге кең мүмкіндіктер ашады.
Ясауи университеті өңірдегі ғылыми әлеуетті арттыру мақсатында түрлі бағыттар бойынша іргелі зерттеулер жүргізіп, аймақтың экономикалық, мәдени, экологгиялық және әлеуметтік дамуына өзіндік зор үлесін қосып келеді. Университет базасында мемлекеттік гранттық қаржыландыру мен халықаралық қоңдар есебінен орындалатын ғылыми жобалар мен инновациялық бағдарламалар жыл санап артып келеді. Сонымен бірге, оқу орнының құрамындағы Ғылыми-зерттеу институттары, Түркітану ғылыми-зерттеу институты, Экология және археология орталықтары халықаралық және ұлттық деңгейде танылып, Түркістанның Орталық Азиядағы ірі ғылыми-ағартушылық орталық ретіндегі беделін арттыруда.
Ғылымның тұрақты дамуы үшін тек теориялық немесе зертханалық зерттеулер жеткіліксіз, мұнда жас ғалымдардың әлеуетін ашу және оларды жан-жақты қолдау айрықша маңызға ие. Осы ретте Түркістанда жас зерттеушілердің ғылыми-инновациялық қызметін ынталандыратын түрлі арнайы гранттар, стипендиялар мен академиялық ұтқырлық бағдарламалары тұрақты жүзеге ие болуда. Бұл шаралар жас ғалымдардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың стартаптары мен инновациялық идеяларын практикалық өндіріске енгізуге жол ашады. Жас зерттеушілер үшін халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, жазғы мектептер, тренингтер, семинарлар және ғылыми-техникалық көрмелер тұрақты ұйымдастырылып, олардың әлемдік ғылыми қоғамдастықпен байланыстары нығайтылуда.
Қазiргi таңда Түркістан қаласы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан ғылыми-инновациялық кластерлері қатарында өзінің лайықты орнын табуға белсенді ұмтылуда. Мұндай кластерлік модельде ғылым, білім мен бизнестің үштік интеграциясы қамтамасыз етіліп, ғылыми зерттеулердің нәтижелері коммерцияланып, нақты экономикалық даму мен өндірістік жобаларға айналуда. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы, баламалы энергетика, фармацевтика, туризм, тарихи-мәдени мұраны реставрациялау және су ресурстарын тиімді пайдалану сияқты түрлі салаларда инновациялық шешімдер мен озық технологияларды енгізу үшін үлкен табиғи әрі экономикалық әлеуетке ие. Бұл тұрғыда Ясауи университеті қолданбалы ғылыми зерттеулерді өндіріспен ұштастыра отырып, аймақтың технологиялық дамуында негізгі қозғаушы күш рөлін атқарады.
Жалпы алғанда, Түркістандағы ғылым мен білім саласының даму қарқыны қазіргі уақытта сапалық жаңа деңгейге көтерілгенін сенімді түрде айтуға болады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өңірдегі ғылыми әлеуетті нығайтуда, жоғары білікті мамандар даярлауда және ғылыми ізденістерді іске асыруда маңызды қадамдар жасап келеді. Магистратура мен докторантура бағдарламаларының кеңеюі, ҒЗЖ көлемінің артуы, жас ғалымдарды жүйелі қолдау және ғылыми-инновациялық кластерлердің жедел қалыптасуы – бұл Түркістан облысының жаһандық білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті болып, алдағы уақытта да зор жетістіктерге қол жеткізуіне берік негіз қалайды.

