Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ АЗАМАТТАРҒА ЖАҢА ӨҢІРЛЕРДЕ ЖҰМЫС ТАБУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • ҚАНДАС ОТБАСЫЛАРДЫҢ БЕЙІМДЕЛУІ МЕН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА
  • ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КҮШЕЙТІЛДІ
  • ОТБАСЫЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ЕРТЕ АНЫҚТАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
  • ҚИЫН ӨМІРЛІК ЖАҒДАЙДАҒЫ АЗАМАТТАРҒА КЕШЕНДІ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
  • ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ – ҚОЛДАУДАН ӨЗІНДІК ДЕРБЕСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖОЛ
  • «TEN QOGAM»: ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚОЛДАУ
  • МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ АРТТЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ҚЫЗЫЛ ҚҰРТТАН БИОГУМУС ӨНДІРУДЕ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ҚЫЗЫЛ ҚҰРТТАН БИОГУМУС ӨНДІРУДЕ

authorBy author1 августа, 2026Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Осынау табиғи таза тыңайтқыш өнім көлемін еселеп арттыруға зор мүмкіндік береді дейді отандық ғалымдар. Мемлекеттің даму стратегиясында және Президент Жолдауларында ауыл шаруашылығын отандық экономиканың басты әрі негізгі драйверіне айналдыру туралы айқын басымдық белгіленген. Бұл саланы сапалы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең алдымен егіс алқаптарының өнімділігін арттырып, топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру қажет. Бүгінгі таңда химиялық минералды тыңайтқыштарды шамадан тыс пайдалану топырақтың сорлануына, эрозияға ұшырауына және экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп соқтыруда. Осы ретте отандық агроғылым ұсынып отырған баламалы әрі экологиялық таза шешімдердің бірі – биогумус өндірісі.

Биогумус – бұл толықтай табиғи таза, биоорганикалық тыңайтқыш. Халық арасында қарапайым тілмен айтқанда ол – малдың көңі. Дегенмен, биогумус пен қарапайым шикі көңнің арасында жер мен көктей айырмашылық пен үлкен биотехнологиялық өңдеу айырмасы бар. Шірімеген шикі мал тезегінің құрамында қышқылдығы өте жоғары органикалық қосылыстар, зиянды микроорганизмдер, арамшөп тұқымдары мен патогенді микрофлора жинақталған. Сондықтан өңделмеген көңді егістікке тікелей сағу топырақтың микрофлорасын зақымдап, өсімдік тамырын күйдіріп жіберуі мүмкін дейді білікті ғалымдар. Мұндай қауіптің алдын алу үшін ғалымдар малдың тезегінің қышқылдығын азайтып, оны арнайы Калифорния қызыл құртына жегізу арқылы вермикомпосттау процесін жүргізеді. Құрттардың ас қорыту жүйесінен өткен органикалық қалдықтар гумин қышқылдарымен, фитогормондармен, микроэлементтермен және пайдалы аэробты микроорганизмдермен байып, өсімдікке тез әрі жеңіл сіңетін дайын биогумусқа айналады. Осылайша өңделген табиғи тыңайтқыш бақша дақылдарынан, көкөністер мен жеміс-жидектерден алынатын өнім көлемін еселеп арттырады.

Жобаның практикалық тиімділігі туралы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері Алтынбек Әбсейіт: «Мысалы, өзге химиялық немесе өңделмеген тыңайтқыштармен өңделген қияр бір түбінен бір күнде бір-ақ қияр шығарса, осы биогумуспен байытылған топырақтағы өсімдік бір түбінен 5-6 қиярды қатар өсіріп шығарады», – деп нақты мысалмен түсіндірді.

Қазіргі таңда Халықаралық қазақ-түрік университетінің арнайы ғылыми зертханасында биоорганикалық тыңайтқыштың екі түрлі формасы – құрғақ және сұйық түрі дайындалады. Құрғақ биогумус гранула немесе ұнтақ түрінде жер жырту және тұқым отырғызу кезінде топыраққа араластырылса, сұйық концентратталған тыңайтқыш (экстракт) өте үнемді әрі жоғары тиімділікке ие. Оның не бары 1 литрі 100 литр таза сумен араластырылып, тамшылатып суарғыш жүйелер немесе бүріккіштер арқылы егістікке тікелей жіберіледі. Бұл өсімдік тамырының дамуын ғана емес, оның ауруларға, зиянкестерге және құрғақшылыққа қарсы иммунитетін күшейтеді.

Ғылыми жобаның келешек әлеуеті туралы ХҚТУ Экология ғылыми-зерттеу институтының директоры Амангүл Ақбасова: «Биоорганикалық тыңайтқыштың тиімділігі мен өзге химиялық тыңайтқыштардан басты артықшылығы – ол өнімділікті 7-8 есеге дейін артық береді және топырақтың құнарын сақтайды. Егер шаруа қожалықтары мен агрокешендер тарапынан тапсырыс түссе, біз өндірістік қуатты арттырып, кез келген қажетті мөлшерді сапалы дайындап бере аламыз», – деп айтып өтті.

Бүгінгі таңда университеттің сынақ зертханасында 2 тоннадан астам дайын өнім қоры жинақталып, сатуға әрі сынамаларға дайындалған. Айта кетерлігі, бұл отандық инновациялық жобалық әзірлемеге ресми патент берілген, бұл өнімнің бірегейлігі мен ғылыми жаңалығын толық дәлелдейді. Сонымен қатар, ғалымдардың бұл нәтижелі еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланып, ғылыми идеяны коммерцияландыру және өндірісті кеңейту мақсатында арнайы мемлекеттік грантты жеңіп алды. Бұл отандық органикалық егіншілікті дамытуға, импорттық химиялық тыңайтқыштарға тәуелділікті азайтуға және отандық өнімнің экологиялық тазалығын қамтамасыз етуге қосылған үлкен ғылыми үлес болып табылады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ САҚТАУ – ОРТАҚ ІС

11 августа, 2026

АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

10 августа, 2026

ТҮРКІСТАНДА ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСУДА?

4 августа, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.