Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ АЗАМАТТАРҒА ЖАҢА ӨҢІРЛЕРДЕ ЖҰМЫС ТАБУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • ҚАНДАС ОТБАСЫЛАРДЫҢ БЕЙІМДЕЛУІ МЕН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА
  • ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КҮШЕЙТІЛДІ
  • ОТБАСЫЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ЕРТЕ АНЫҚТАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
  • ҚИЫН ӨМІРЛІК ЖАҒДАЙДАҒЫ АЗАМАТТАРҒА КЕШЕНДІ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
  • ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ – ҚОЛДАУДАН ӨЗІНДІК ДЕРБЕСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖОЛ
  • «TEN QOGAM»: ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚОЛДАУ
  • МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ АРТТЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ
Санатталмаған

ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ

authorBy author29 июля, 2026Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанда ғылым жолында жүрген ғалымдар жетерлік. Қуанарлығы, ғылым жолындағы жастардың көптеп өсіп келе жатқаны.  Оларға барлық мүмкіндіктер жасалуда. Әсіресе «Болашақ» бағдарламасының дарынды жастарға бергені көп. Былтырғы жылы 28 наурызда Қазақстан Республикасының жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ғылыми қауымдастықпен бірлесіп әзірленген құжат жыл сайын гранттар бөлуді, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуді, 85 жетекші ғылыми қызметкерлердің еңбекақысын базалық қаржыландыруға қосуды қамтамасыз етті. Алдағы уақытта ғалымдардың қатары бір жарым есеге артып, еліміздің ғылыми экожүйесін жаңартып, ғылымның нақты сектор мәселелерін шешуге қосатын үлесі артып, ғылыми-зерттеу жұмысының жақсаруы күтілуде.

Қазақ халқы ғалымсыз болмаған.  Әлемге танымал ұлы ғалымдар шоғыры бөлек әңгіме. Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен оқиғалар күнтізбесіне енгенінің өзі біз үшін мақтаныш.  Қазақ даласынан шыққан ұлы ғұлама ғалым, ойшыл философтарға батыс жұрты тамсанады.

Академик Қаныш Сәтбаевтың бір өзі – бір тарих. Қ.И.Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Сондықтан да ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылған. Сәтбаевтың ізбасарлары еліміздің әр саласында қызмет етуде. Сондықтан да болар, ел президентінің қолдауымен ғылымға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, 2020 жылы ғылымға республикалық бюджеттен 89 миллиард теңге инвестиция тартылса, 2023 жылы қазірдің өзінде 158 миллиард теңге жұмсалды. Ғалымдардың орташа жалақысы да өсті – 2021 жылғы 152 мыңнан 2022 жылы 252 мыңға дейін. Қазір жалақы орта есеппен 400 мыңға жуықтап қалды. алда әлі кезең-кезеңмен жалақы көтеріле бермек. Айта кету керек, ғылыми жаңалықтардың 27%-ы коммерцияланған. 2022 жылдың соңында жалпы табысы 16,4 миллиард теңгеден асатын 120 жоба сатылымға шықты, 15 жоба шетелге экспортталды. Осыдан Қазақстан ғылымның дамуына шындап кіріскенін байқауға болады.

Осы ретте қазақ ғылымдарының жетістіктерінде айта кеткен дұрыс болар. Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып, еліміздің ғылыми әлеуетін айқындауда негізгі күш Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарына түсетіні белгілі. Қазіргі таңда Қазақстандағылыми-зерттеу жұмыстарымен 400 жүзге жуық ұйым айналысады. Статистикалық мәліметтерге назар аударсақ, Алматы қаласында ғылыми зерттеулер мен зерттемелермен 130-ға уық ұйым айналысатынын байқаймыз. Бұл еліміздегі барлық ғылыми мекемелердің үштен бір бөлігін құрайды. Соңғы жылдары Нұр-Сұлтан қаласында да ғылыми  мекемелер көптеп ашылып, қазақ ғылымы даумдың даңғыл жолына түскенін аңғаруға болады.

Еліміздегі ғылымды дамыту көрсеткіштеріне назар аударатын болсақ, ғылымды өркендетуде жоғары білім беру секторы жетекші орынға шықты деуге болады. ЖОО-ның ғылымды дамытатын негізгі күшке айналуына соңғы жылдары елімізде жүзеге асырылған бірқатар реформалар әсер еткені сөзсіз. ҚР Білім және ғылым министрлігінің еліміздегі жетекші университеттердің автономды бағытқа бұруы және оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы ғылымды дамытуда негізгі күшке айналды.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ АЗАМАТТАРҒА ЖАҢА ӨҢІРЛЕРДЕ ЖҰМЫС ТАБУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

17 августа, 2026

ҚАНДАС ОТБАСЫЛАРДЫҢ БЕЙІМДЕЛУІ МЕН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

17 августа, 2026

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КҮШЕЙТІЛДІ

17 августа, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.